Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының VI сессиясының 2012.06.08 N 6/56 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі "Қарқаралы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу мен ұстаудың Қағидасын бекіту туралы" N 23/243 шешіміне (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 2 қыркүйегінде N 8-13-87 болып тіркелген, аудандық "Қарқаралы" газетінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі N 77-78 (10889) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Қағиданың 1 тармағының екінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау бюджет саясаты және экономика, аграрлық мәселе және экология, өндіріс, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Әлин) тапсырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Б. Теміржанов
Аудандық мәслихат хатшысы О. Жүкібаев