Бесоба селосының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба селолық округі әкімінің 2010 жылғы 11 қарашадағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда N 8-13-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Бесоба селосы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жеңіс көшесінің атауы Сәусен Жұманбайұлы Көрпебаев атындағы көшеге қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау бас маман Р. Нұрмағанға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесоба селолық
      округінің әкімі                            Қ. Қабыкенұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады