Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011.07.20 N 14/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық-пайдалы жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ауыл және кент әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шайдаров
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
N 08/05 қаулысына
қосымша
Қоғамдық-пайдалы жұмыстардың
түрлері:
1. Тұрмыстық қалдықтарды шығару.
2. Аумақты мұздан тазалау.
3. Аумақты қардан тазалау.
4. Аумақты күл-қоқыстан тазалау.
5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
6. Аумақты арамшөптен тазалау.
7. Қоқысты жинау және шығару.
8. Бұтақшаларды кесу.
9. Ағаштарды кесу.
10. Ағаштарды әктеу.
11. Ағаштар егу.
12. Қоршауларды жөндеу.
13. Қоршауларды сырлау.
14. Ғимараттарды әктеу.
15. Ғимараттарды сырлау.
16. Гүлзарларды құру.
17. Көгалдарды қазу.
18. Шөп шабу.
19. Күл-қоқысты жинау және жағу.