Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011.04.13 N 8-9/304 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өкілетті органда тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес нысаналы топтарға жататын 10 жұмыссыз үшін үш ай мерзімге қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге қосымша әлеуметтік жұмыс орындарды тәртіп бойынша ұйымдастыру үшін Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қажетті шарттарды жасасу ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген жеке еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
3. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тақуқызы) белгіленген тапсырма талабы мен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша жұмыссыз азаматтарды қосымша әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдама берсін.
4. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Мақсұтов Данияр Зарлықұлы) 2010 жылы қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 222000 (екі жүз жиырма екі мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
6. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы "2009 жылға қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 8 шілдеде тіркелінген, тіркеу N 8-14-97) N 10/05 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шайдаров
Қосымша
аудан әкімдігінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
N 18/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің тізбесі:
Рет саны, N |
Ұйымдардың және жеке кәсіпкерлердің атауы |
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны |
1 |
"Индустриальный" өндірістік кооперативі |
6 |
2 |
"Абильдинова Ғалия Құдайбергенқызы" жеке кәсіпкер |
2 |
3 |
"Приб Анна Юрьевна" жеке кәсіпкер |
2 |