Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 18/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 27/02 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 желтоқсанда N 8-14-136 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі N 14/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011.07.20 N 14/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін белгілеу туралы" N 18/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 8-14-129 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазандағы N 42 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасында:
      1 тармақ келесі мазмұныныдағы 27) тармақшамен толықтырылсын: "27) әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман.";
      2 тармақта 23), 24), 25) және 26) тармақшалары келесі мәтінде мазмұндалсын:
      "23) суретші-безендіруші;
      24) мәдени ұйымдастырушы;
      25) балетмейстер;
      26) хормейстер.";
      2 тармақтың 27), 28) және 29) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байдулла Қараұлы Шайжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы
      Е. Тұранов ___________
      20.12.2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады