Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 18/12 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда N 8-14-129 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы N 25/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 30.10.2014 N 25/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байдулла Қараұлы Шайжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Нұра аудандық
      мәслихатының хатшысы
      Е. Тұранов ___________
      2010 жыл 13 қыркүйек

Қосымша
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
N 18/12 қаулысына

Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз мамандары лауазымдарының тізбесі:

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Нұра ауданы әкімдігінің 2010.12.20 N 27/02 қаулысымен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) басшы;
      2) басшының орынбасары;
      3) әдістеме кабинетінің меңгерушісі;
      4) әдіскер;
      5) психолог;
      6) барлық мамандардың оқытушылары;
      7) медициналық бике;
      8) аға жетекші;
      9) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынының басшысы;
      10) тәрбиеші;
      11) музыкалық қызметкер;
      12) көркем студия үйірмесінің басшысы;
      13) бухгалтер;
      14) іс-жүргізуші;
      15) экономист;
      16) зертханашы;
      17) механик;
      18) хатшы-машинист;
      19) оқу бөлімінің хатшысы;
      20) тәрбиешінің көмекшісі;
      21) инженер;
      22) заң кеңесшісі;
      23) қойма меңгерушісі;
      24) шаруашылық меңгерушісі;
      25) аудармашы;
      26) кітапханашы.
      27) әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мәдениет қазыналық кәсіпорынының басшысы;
      2) мәдениет қазыналық кәсіпорыны басшының орынбасары;
      3) мәдениет қазыналық кәсіпорынының көркем басшысы;
      4) сектор меңгерушісі;
      5) кітапханашы;
      6) әдіскер;
      7) бас библиограф;
      8) экскурсовод;
      9) өлкетану бөлімінің редакторы;
      10) дыбыс режиссеры;
      11) хореограф;
      12) музыкалық басшы;
      13) концертмейстер;
      14) нұсқаушы;
      15) клуб меңгерушісі;
      16) бухгалтер;
      17) экономист;
      18) инспектор;
      19) хатшы;
      20) компютерліқ техниканың операторы;
      21) қызмет көрсету технигі;
      22) шаруашылық меңгеруші;
      23) суретші-безендіруші;
      24) мәдени ұйымдастырушы;
      25) балетмейстер;
      26) хормейстер.
      3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары бойынша:
      1) бөлім меңгерушісі;
      2) консультант;
      3) әлеуметтік қызметкерлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады