Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының XXX сессиясының 2011.09.16 N 360 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді іске асыру жөніндегі Ережесі (бірге берілген) бекітілсін.
2. Әлеуметтiк көмек аудандық бюджетте тиiстi қаржы жылына осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде Ұлытау ауданында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетiлетiнi белгiленсiн.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік мәдени саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Жалмурзин) жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы С. Нұрмағанбетов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Т. Сейтжанов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 21 сәуірдегі
N 225 шешімімен
Бекітілген
Ұлытау ауданының жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді іске асыру жөніндегі Ережесі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексiне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңына негізінде әзірленген және жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді іске асыру жөніндегі тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай жалпы ұғымдар пайдаланады:
1) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
2) әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
3) Жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
2. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі және мөлшері
2. Әлеуметтiк төлем жылына бiр рет ақшалай түрде отбасының бiр мүшесiне (азаматқа) комиссия қорытындысы бойынша берiледi.
3. Әлеуметтiк төлем алуға үмiткер адам өкiлеттi органға өтiнiш ұсынады және өтiнiшке қоса келесi құжаттар тiркеледi:
1) жеке куәлiк;
2) салық төлеушiнiң нөмiрi (СТН);
3) азаматтарды тіркеу кітапшасы;
4) отбасының барлық мүшелерiнiң өткен тоқсандағы кiрiсi туралы анықтама;
4. Әлеуметтiк төлем өтiнiш берушiнiң есеп шотына қаржыны аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтiк төлем мөлшерi әрбiр нақты жағдайда комиссиямен анықталады.
6. Көмектiң жоғары мөлшерi жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде анықталған 40 еселенген АЕК аспауы керек.
7. Тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге әлеуметтік көмек соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша жыл сайын 100 000 (жүз мың) теңгеден төленеді.
8. Коммуналдық және өзге қызметтерге ақы төлеу соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша жыл сайын 80 000 (сексен мың) теңгеден;
9. 5 ай бойы амбулаторлық емделу кезеңінде тамақтануы үшін берілетін ай сайынғы материалдық көмек туберкулезбен ауыратын азаматтарға денсаулық сақтау органының тізімі бойынша 510 теңгеден 150 күнге.
10. Азық – түлік өнімдеріне бағаның күрт қымбаттауына байланысты төленетін әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақы алушылар ішінен 18 жасқа толмаған 4 және одан да көп балалары бар әр алушыға ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенгені ай сайын төленеді. Әлеуметтік көмекті жәрдемақының екі түрін де алатындарға бір ғана көмек беріледі.
11. Тұрғын үй жағдайын тексеру актісі бойынша аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер және көмекті қажет ететін азаматтарға берілген өтініш, кент, село әкімдерінің жанынан құрылған комиссияның тексеру актісі бойынша ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшерінен аспайтын төлем төленеді. Әр алушы әлеуметтік көмекті жылына бір рет қана алуға тиіс.
12. 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне - Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша алты және одан да көп баласы бар аналарға ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенгені төленеді.
13. 22 - Наурыз мейрамына - аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімі бойынша ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенгені төленеді.
14. 1 - мамыр күніне - аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімі бойынша айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенгені. Бір дүркін жәрдемақы - соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 15 000 (он бес мың) теңгеден, тыл еңбеккерлері мен соғыс жылдарында кемінде алты ай еңбек еткен азаматтарға 5 000 (бес мың) теңгеден, соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған зайыптарына (жесірлері) 15 000 (он бес мың) теңгеден төленеді.
15. 9 - мамыр Жеңіс күніне - соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша 50 000 (елу мың) теңге. Тыл еңбеккерлері мен соғыс жылдарында кемінде алты ай еңбек еткен азаматтарға 10 000 (он мың) теңгеден. Соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған зайыптарына (жесірлері) 10 000 (он мың) теңгеден және 1986-1989 жж. Чернобыль АЭС-індегі зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар мен Ауғанстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 25 000 (жиырма бес мың) теңге төленеді.
16. Саяси қуғын сүргіндер құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын сүргін құрбаны санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар саяси қуғын – сүргіндердің зардабын шеккендерге Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенгені төленеді.
17. Балаларды қорғау күніне - он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, ата-анасының екеуінен де айырылған және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын балаларға Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенгені төленеді.
18. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне - аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімі бойынша айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенгені төленеді.
19. Қарттар күніне - жетпіс және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша әр алушыға ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенгені төленеді.
20. Мүгедектер күніне - барлық топтағы мүгедектерге Ұлытау аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдері бойынша ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенгені төленеді.
21. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне - "Ұлытау ауданының құрметті азаматы" атағы бар Ұлытау ауданының көлемінде тұратын азаматтарға аудан әкімі аппаратының ұсынған тізімдері бойынша әр алушыға ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенгені. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысқандығы жөнінде растайтын құжаттары бар азаматтарға ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгені төленеді.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу және жүзеге асыру
22. Осы ережені жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі Комиссия құрамы (әрі қарай-Комиссия) бекітіледі.
23. Жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді іске асыру жөніндегі комиссия жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдерді осы Ереженің 2 және 3 бөлімдеріне сәйкес іске асырады.
24. Комиссия жұмыс барысында алқалық, жариялық, ашықтық, және әділдік принциптерін ұстанады.
25. Комиссия өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқадай қолданыстағы нормативтік актілерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссияның мақсаты, функциясы және міндеттері мен құқығы
26. Комиссияның негізгі мақсаты, жекеленген санаттағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік төлемдер туралы сұрақтарды қарау болып табылады.
27. Комиссияның негізгі функциясына мыналар жатады:
-әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қарау;
-әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген азаматтардың әлеуметтік – тұрмыс жағдайларын және қамтылу деңгейін тексеру;
-әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы деңгейінде анықтау;
-әлеуметтік төлемдерді төлеу немесе төлемеу жөнінде шешім қабылдау.
28. Комиссияның құқығы:
-өтініш берушінің материалдық жағдайын анықтау үшін қажетті мекемелерден мәліметтер алуға және тексеріс жүргізуге;
-әлеуметтік төлемді алуы немесе алмауы жөнінде шешім шығаруға;
-уәкілетті органға комиссияның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс жасауға.
29. Комиссия міндеті:
-әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген азаматтардың материалдық жағдайын тексерген кезде, акт толтыруға;
-ұсынылған құжаттар негізінде немесе қорытындысы нәтежиесінде шешім шығаруға;
-материалдық жағдайын тексеру кезінде, азаматтардың жеке өмірінің құрметін сақтай отырып, олардың қадір-қасиетін комітетін іс-әрекеттерді болдырмайтын жағдайда жүргізу;
-тексеріс кезінде алынған ақпараттардың жария етілмеуіне кепілдік беру.
5. Комиссия қызметін ұйымдастыру
30. Комиссия алқалы ұйым болып табылады және қызметін ақысыз жүргізеді;
31. Комиссия құрамы жергілікті өкілетті органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің және әлеуметтік көмекке жауапкершілігі бар уәкілетті органдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссия құрамы төраға, хатшы және мүшелерінен тұрады.
32. Төраға комиссия жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде көрсетілген міндеттер мен функциялардың уақытылы, сапалы орындалуына тікелей жауапты.
33. Әлеуметтік көмек көрсету үшін келіп түскен өтініштер 10 (он) күн ішінде қаралады.
34. Өтініш берушіге Комиссия отырысы туралы құлақтандыру, күн тәртібіне ұсыныс енгізуді, қажетті құжаттарды жинау және материалдарды, комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді комиссия хатшысы жүзеге асырады.
35. Комиссия құрамының 3-тен 2-і мүшелерінің қатысқан отырысының шешімі заңды болып табылады.
36. Комиссия шешімі ашық түрде дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
37. Өтініш берушілердің Комиссия шешіміне наразылық білдіруі, уәкілетті органдарға немесе сот орындарына шағымдануы арқылы жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтiк төлемдердi қаржыландыру
38. Әлеуметтiк төлемдер бойынша шығынды қаржыландыру "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк төлемдер төлеу" 451-007 бюджеттiк бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегiнде жүзеге асырылады.
7. Әлеуметтiк төлемдердiң жүзеге асырылуын бақылау
39. Әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.