Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 06/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі N 18/04 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 8-17-103 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 8-4/474 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011.04.12. N 8-4/474 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңын басшылыққа ала отырып, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "1983-1992 жылы туған азаматтарды 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" N 06/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-17-97 болып тіркелген, "Шет Шұғыласы" газетінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 18 (10.273) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1) Аталған қаулының N 1 қосымшасындағы "Баданов Бауыржан Амангелдіұлы" деген сөздер "Сембек Қайырқұл Тлеуқабылұлы", "Жазыбаев Есенжол Серікұлы" деген сөздер "Карсембаев Қанат Тлеубергенович" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Аталған қаулының N 3 қосымшасындағы "Жазыбаев Есенжол Серікұлы" деген сөздер "Карсембаев Қанат Тлеубергенович" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Шет ауданының әкімі                        Қ. Тілеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шет ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлім бастығының
      уақытша міндетін атқарушы                  Қ. Жанзақов
      20 қыркүйек 2010 жыл

      Шет ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          А. Қанафин
      20 қыркүйек 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады