Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 09.09.2014 N 25/219 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес Шет аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтерме жәрдемақы жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі және кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы және заңдылық пен құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ә. Смағұлұлы) және аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық Мәслихаттың
хатшысы Р. Мақсұтов