"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 192 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 08 маусымдағыдағы N 228 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 14 маусымда N 4252 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 1-55М хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2011.01.26 N 1-55М хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "2010 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 406 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 192 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4239 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы 3-4 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың:
      1) тармақшасындағы:
      "88 903 592" деген сандар "89 475 048" деген сандармен ауыстырылсын;
      "81 473 306" деген сандар "82 044 762" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) тармақшасындағы:
      "92 458 482" деген сандар "93 029 938" деген сандармен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің 1-қосымшасының:
      "1. Кірістер" деген жолындағы "88 903 592" деген сандар "89 475 048" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Трансферттердің түсімдері" деген жолындағы "81 473 306" деген сандар "82 044 762" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер" деген жолындағы "79 455 652" деген сандар "80 027 108" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Республикалық бюджеттен түсетін трансферттер" деген жолындағы "79 455 652" деген сандар "80 027 108" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2. Шығындар" деген жолындағы "92 458 482" деген сандар "93 029 938" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Басқалар" 13-функционалдық тобындағы "318 741" деген сандар "890 197" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" 265-бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша "58 652" деген сандар "630 108" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: 



014

"Бизнестің жол картасы-2020"    бағдарламасы шеңберінде кредиттер     бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау

260631



015

"Бизнестің жол картасы-2020"    бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру

81446



016

"Бизнестің жол картасы-2020"    бағдарламасы шеңберінде бизнес жүргізуді сервистік қолдау

32579



017

"Бизнестің жол картасы-2020"    бағдарламасы шеңберінде индустриялық  инфрақұрылымды дамыту

196800

      2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.      

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      кезектен тыс XXVIII
      сессиясының төрағасы                           Ж. Кенжебеков

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                           Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады