Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 08 шілдедегі № 236 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 13 тамызда № 4256 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 10.02.2016 № 346 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі ұсынылсын,
      2. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі берген жолдама негізінде науқастың емделуге барып-қайту жол ақысын:
      1) әуе көлігімен жүрген кезде - темір жол көлігінің купелі вагонының (2-класс) бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
      2) темір жол көлігінің купелі вагонымен (бизнес класс және 1-класс) жүрген кезде - купелі вагонның (2-класс) бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
      3) темір жол көлігінің купелі вагоны (2-класс), плацкарт вагоны (3-класс) мен қалааралық автомобиль көлігінде - оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.
      3. "Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 225 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4247 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2010 жылғы 22 мамырдағы N 99-100 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық мәслихатының
      XXIX сессиясының төрағасы Ж. Кенжебеков
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады