РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылымы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына және 2010 жылғы 11 наурыздағы қала әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының N 2/1 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 1) Рахмет Батырбаев және Өмірзақ Махамбетов атындағы тұйықтары болып араласып жатқан 2 көшелері өзгертіліп - соғыс ардагері Сыздықов Досқали атауы берілсін.
2) Төлеген Бисенбаев көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көшеге - еңбек ардагері Қабақ Есахаев атауы берілсін.
3) Бұрынғы Әлімбай Әбенов атындағы тұйыққа - ұстаз, кеңсе қызметкері болған Әкімбай Мәтімбайүлы Әубәкіров көшесі атауы берілсін.
4) Айша Меңлібаева атындағы көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көшеге - Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіхалық Сайлыбаев атауы берілсін.
5) атауы жоқ N 1 - көшеге - Смағұл Садақбаев атауы берілсін.
6) атауы жоқ N 2 - көшеге - соғыс ардагері Бекмағанбет Тасмағанбетұлы Әбдірайымов атауы берілсін.
7) атауы жоқ N 3 - көшеге - Тұяқбаев Әбу Бекмағанбетұлы атауы берілсін.
8) атауы жоқ N 4 - көшеге - Сәттібай Нұргелдиев атауы берілсін.
9) N 608 кварталға - Дауылбай Наурызбаев көшесі атауы берілсін.
10) N 609 кварталға - Әбдікәрім Әбенұлы Досхожин көшесі атауы берілсін.
11) N 610 кварталға - Жақсылық Зиманов көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау, ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Смайлова Сәрсенкүлге жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім П. Сыздықов