Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
...
4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Монополияға қарсы органның кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп
тану туралы" Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің 2004 жылғы
2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығына
қосымша
Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
...
3. "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті және оның аумақтық органдарың әкімшілік комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 7 тамызда N 185 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 152 бұйрығы....
______________________________________
1. Бұл Ереже қолданылымдағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдарының (бұдан әрi - "Комитет") бағынысындағы Әкiмшiлiк комиссияларының (бұдан әрi - "Комиссиялар") жұмысы мен баға жөнiндегi және монополияға қарсы саясаттың, тұтынушылардың заңды құқықтарының (бұдан әрi монополияға қарсы заңдардың) бұзылуы туралы iстердi қараудың тәртiбiн белгiлейдi және айқындалған заң бұзушылықтар, жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша iс қарап, тиiстi шешiмдер қабылдаудың тәртiбi мен мерзiмiн реттейдi.
Комиссиялардың басты мiндетi - жоғарыда көрсетiлген санаттағы iстердiң дер кезiнде толық әрi объективтi қаралуын қамтамасыз ету.
2. Комиссиялар өз қызметiнде "бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Ереженi, Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-iнiң Кодексiн, басқа да заңдық және нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссиялар Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының
орынбасары, Комиссияның мүшелерi және Комиссияның жауапты хатшысы
құрамында құралып, iс-қимыл жасайды.
3.1. Комиссия төрағасы:
Комиссияның жұмысын басқарады, Комиссияға жүктелген
мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi;
Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық етедi;
Қаралатын iстер бойынша Комиссияның хаттамаларына, қаулыларына
қол қояды.
3.2. Комиссия мүшелерi:
Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген
мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi;
қаралатын iстер бойынша Комиссияның қаулыларына қол қояды.
3.3. Комиссияның жауапты хатшысы:
Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген
мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi;
Комиссияның мәжiлiстерiнде қарау үшiн материалдар әзiрлейдi;
Комиссия мәжiлiсiн өткiзудiң ұйымдық мәселелерiн шешедi;
Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзедi;
Комиссияның хаттамаларына, анықтамаларына және қаулыларына қол
қояды;
Iстi қарауға қатысушы адамдарға мәжiлiс өткiзiлетiн орны мен
оның уақытын хабарлайды;
Комиссияның iс қағаздарын жүргiзедi.
4. Комиссия 7-9 адамнан құралады.
4.1. Лауазым бойынша Комитет төрағасының құқықтық сұрақтарды қадағалайтын орынбасары, ал ол болмаған жағдайда - Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
4.2. Өз жұмысының түрi бойынша Комитет қызметiнiң басты бағыттарының бiрiмен айналысушы Комитет қызметкерлерi Комиссияның мүшелерi бола алады.
4.3. Комиссияның жауапты хатшысы Комитеттiң заң бiлiмi бар қызметкерi болуы керек.
4.4. Комиссияның жеке құрамын Комитет төрағасы бекiтедi.
5. Аумақтық комитеттердiң комиссиялары осы Ережеде белгiленген тәртiппен 5-7 адамнан құралады.
6. Комитеттiң уәкiлдi қызметкерi әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-нiң Кодексiнiң талаптарына сәйкес жасаған әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама монополияға қарсы заңдардың бұзылуы жөнiнде iстердi қарау үшiн негiз болып табылады.
7. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде Комиссияның жауапты хатшысы;
белгiлi бiр iстi қарау Комиссияның құзырына жата ма;
iстiң хаттамасы мен өзге материалдары дұрыс әзiрленген бе;
алдын ала реттеу үшiн шаралар қолданған ба;
қажеттi қосымша материалдар сұратылған ба;
жауапқа тартылушы, зәбiрленушi адамның немесе олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiштерi қанағаттандырылуға немесе қабылдамай тастауға жата ма;
iстi қарауға қатысушы адамдардың тiзiмiн, қаралу уақыты мен оның орнын - мiне, осы мәселелердi айқындайды.
8. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстер жауапқа тартылушы адамның қатысуымен қаралады.
Жауапқа тартылушы адамның қатысуынсыз iстi мына жағдайларда: iстiң қаралу уақыты мен орны туралы оған уақытша хабарланғаны жайында дерек болса және оның Комиссияның мәжiлiсiне келмеу себептерi туралы қолда мағлұмат болмаса не Комиссия келмеу себептерiн дәлелсiз деп таныса, қарауға болады.
9. Комиссия iстердi қажетiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiстерде қарайды, бiрақ бұл әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама және iстiң басқа материалдары қолға тиген соң 15 күн мерзiмiнен кешiктiрiлмеуi тиiс.
10. Белгiлi бiр жағдайлар анықталғанша iстiң шын мәнiсiнде
қаралуы мүмкiн болмаған жағдайда Комиссия iстiң қаралуын тоқтата
тұруы мүмкiн.
Iстiң қаралуын тоқтата тұру туралы қаулы (үлгiсi қоса берiлiп
отыр) шығарылып, оған Комиссияның мәжiлiсiне қатысушы барлық
мүшелерi қол қояды.
11. Iстi қарау оны қарайтын Комиссияның құрамын жариялаудан
басталады, сонан соң мәжiлiсте төрағалық етушi қандай iс қаралуға
жататынын, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке кiм тартылатынын
хабарландырады, iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен
мiндеттерiн түсiндiредi.
Бұдан кейiн iстi қарау төмендегiдей тәртiппен басталады:
әкiмшiлiк құқық бұзу туралы хаттама жарияланады;
iске қатысушы адамдардың өтiнiштерi мәлiмделедi және
жарияланады;
жауапкершiлiкке тартылушы адамның түсiнiктемелерi тыңдалады;
куәлердiң жауаптары тыңдалады;
iстi қарауға қатысушы басқа адамдар тыңдалады;
дәлелдер зерделiнедi;
iске прокурор қатысса, оның тұжырымы тыңдалады;
iс бойынша қаулы шығарылады.
12. Комиссия баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қаралған кезде:
баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы орын алды ма;
жауапкершiлiкке тартылушы адам осындай құқық бұзу орын алғаны үшiн кiнәлi ме және ол әкiмшiлiк тұрғыдан жауапкершiлiкке жата ма;
белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу үшiн жауапкершiлiктi жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайлар бар ма;
белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу мүлiктiк зиян келтiрдi ме - мiне, осыларды айқындап алуға мiндеттi.
Сол сияқты Комиссия iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар басқа да жағдаяттарды айқындауға мiндеттi.
13. Кез келген нақты деректер, солардың негiзiнде Комитет тараптардың немесе қарсылықтарын дәлелдейтiн жағдаяттардың бар-жоғын анықтайды, сондай-ақ iстiң дұрыс қаралуы үшiн маңызы бар басқа да фактiлер баға жөнiндегi және монополияға қарсы саясаттың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс қарау бойынша айғақтама болып табылады.
Айғақтамалар жазбаша түрде де, сол сияқты, көру-тыңдау және өзге материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, тараптар өкiлдерiнiң түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сарапшылар мен құзырлы органдардың тұжырымдарын қоса алғанда, заттай түрде де болуы мүмкiн.
Актiлер, хаттар, түсiнiктемелер, мағлұматтар және iстiң дұрыс
қаралуы үшiн маңызды жағдаяттары бар басқа да жазбаша материалдар,
жазбаша айғақтамалар болып табылады.
Iс үшiн маңызы бар айғақтамалар ғана қарауға қабылданады.
14. Арнайы бiлiмдi талап ететiн iстi қарау кезiнде туындайтын
мәселелерге түсiнiк беру үшiн Комиссия сараптама тағайындайды.
Сарапшының тұжырымы Комиссияға жазбаша түрде тапсырылады,
тараптарға көшiрмелер берiлуi мүмкiн.
15. Комиссия монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан
бұзылуы туралы iс қараған кезде хаттама (үлгiсi қоса берiлiп отыр)
жүргiзiлiп, онда:
мәжiлiстiң уақыты мен орны;
iс қараушы органның атауы мен құрамы;
қаралатын iстiң мазмұны;
iстi қарауға қатысушы адамдар туралы мағлұматтар, олардың
өтiнiштерi;
iстi қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар;
қабылданған қаулыны жариялау туралы мағлұматтар және оған шағым
берудiң тәртiбi мен мерзiмiнiң түсiнiктемелерi көрсетiледi.
Хаттамаға мәжiлiсте төрағалық етушi мен Комиссияның хатшысы қол
қояды.
16. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы
туралы iстi қарап, Комиссия iс бойынша қаулы (үлгiсi қоса берiлiп
отыр) шығарады.
Қаулыда:
қаулы шығарған Комиссияның атауы;
iстiң қаралған күнi, айы, жылы;
iс қаралушы адам туралы мағлұматтар;
iс қарау барысында анықталған жағдаяттардың мазмұндамасы;
белгiлi бiр әкiмшiлiк құқық бұзу үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн
нормативтiк актiнiң нұсқамасы;
iс бойынша қабылданған шешiм;
қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
Қаулы iстi қарауға қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк
дауысымен қабылданылады.
Iстi қарауға қатысқан Комиссия мүшелерiнiң барлығы қаулыға қол
қояды.
17. Баға жөнiндегi және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iстi қарап, Комиссия төмендегi әкiмшiлiк жазалардың бiрiн қолдана алады:
қолданымдағы заңдарға сәйкес айыппұл салу құқығы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлген жағдайда айыппұл салады;
белгiлi бiр iс-әрекеттер жасау (немесе оларды жасауда бас тарту) туралы нұсқамамен не онысыз монополияға қарсы заңдардың бұзылуына жол бермеу туралы ескерту жариялайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 240, 241 баптарында көзделген жағдайларда iстiң қаралуын тоқтату туралы қаулы шығарылады.
18. Қаулы iстi қарау аяқталысымен дереу жарияланады.
Қаулының көшiрмесi өзi туралы қаулы шығарылған адамның қолына үш күн iшiнде табыс етiледi не оған жiберiледi.
Қаулының көшiрмесiн тиiстi адам қол қойып өзi алады немесе ол Комитет хатшылығы арқылы тiркелу жолымен жөнелтiледi.
19. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша сот арқылы шағым беру мен қарсылық бiлдiру Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-нiң Кодексiне сәйкес жүзеге асырылды.
Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстер бойынша аумақтық Комитеттердiң Комиссияларының қаулы Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы мемлекеттiк комитетiнiң Комиссиясына, ал бұл Комиссияның шешiмдерiне - Комитет Төрағасына шағым беруге болады.
20. Монополиға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша Комиссияның қаулысын мемлекеттiк, қоғамдық органдар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi.
21. Қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындауға жатады.
Қаулыға шағым берiлген немесе қарсылық бiлдiрiлген жағдайда шағым немесе қарсылық қанағаттандырылмай қалған соң қаулы орындалуға жатады.
22. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы
туралы iс бойынша Комиссия қаулысының орындалуы әкiмшiлiк жазалар
(үлгiсi қоса берiлiп отыр) белгiлеу туралы қаулыны орындау үшiн
Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-нiң Кодексiнде көзделген
тәртiппен жүзеге асырылады.
23. Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк тұрғыдан бұзылуы
туралы iс бойынша қаулының орындалуына осы қаулыны шығарған Комиссия
бақылау жасайды.
24. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету iсiн
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары жүзеге
асырады.
25. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның
аумақтық органдарының бланктерiн, мөртаңбалары мен мөрлерiн
пайдаланады.
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ТҰРҒЫДАН
БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ N_____IС
Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы
мемлекеттiк комитетiнiң (монополияға аумақтық
комитетiнiң) Әкiмшiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң
хаттамасы
199__ " " ____________ Алматы қаласы
Комиссия:_____________________________________________________
бар Комиссия мүшелерiнiң құрамында:
___________________________________________________________________
қаралатын iстiң мазмұны
-------------------------------------------------------------------

фактiсi бойынша iс қарады.
Iстi қарауға қатысушылар:
жауапқа тартылушы адам________________________________________
тегi, аты-жөнi
Сарапшылар____________________________________________________
(тегi, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
басқа адамдар (зәбiр шегушi, заңды өкiл, қорғаушы)
аудармашы, прокурор________________________________________________
___________________________________________________________________
Iстi қарауға қатысушы адамдардың өтiнiшi:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өтiнiштердi қараудың нәтижелерi_______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Iстi қарауға қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi, жауаптары,
тұжырымдары мен сөйлеген сөздерi___________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Iстi қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Iстi қарау аяқталысымен Комиссия қаулы қабылдап, ол
жарияланады. Сол сияқты қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi
түсiндiрiлдi.
Мәжiлiс төрағасы:
Мәжiлiс хатшысы:
Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк
тұрғыдан бұзылуы туралы N____iс
Монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк
тұрғыдан бұзылуы туралы iс бойынша
ҚАУЛЫ
199__жылғы " "__________ Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Әкiмшiлiк комиссиясы Әкiмшiлiк
құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 269-279 баптарының
негiзiнде ашық мәжiлiсте монополияға қарсы заңдардың әкiмшiлiк
тұрғыдан бұзылуы туралы N____ iстi қарап, былай деп белгiледi.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жауапқа тартылушы адамның тегi, аты-жөнi)
Тұрғылықты орны____________________________________________________
Жұмыс орны мен лауазымы____________________________________________
199__жылғы " " _________ ________________________________________
iстi қарау барысында анықталған
___________________________________________________________________
(жағдаяттардың мазмұндамасы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
сөйтiп ол Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 193-3
бабын бұзды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы
Қазақ КСР-i Кодексiнiң 21, 24, 32, 193-3 баптарын басшылыққа алып,
комиссия Қаулы етедi
___________________________________________________________________
(құқық бұзушының тегi, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
түрiнде әкiмшiлiк жаза белгiленсiн.
Бұл қаулыға ол шығарылған күннен бастап 10 күн iшiнде
___________________________________________________________________
(органның атауы)
шағым беруге болады.
Комиссия төрағасы
Комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi
Комиссия хатшысы
_________________________
_________________________
_________________________
Бiрiншi басшысына
N____ Шақыру қағазы
199__жылғы " "__________ "_____________" сағатта Қазақстан
Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы
iстердi қарайтын әкiмшiлiк комиссиясының мәжiлiсiне шақырыласыз
(құқық бұзушы ретiнде).
Мiндеттi түрде келу керек.
Мекен-жай: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесi, 65/69-үй.
N____ кабинет, тел. 692002
Комиссия хатшысы
------------------------------------------------------------------
N____ Шақыру қағаздың түбiршегi
199__жылғы " "_______________ "____" сағатта табыс етiлдi.
Алдым:_____________________________________________________________
тегi, аты-жөнi, лауазымы, қолы
____________________________________________________шақыру қағазынан
(бас тартқан адамның тегi аты-жөнi)
алудан бас тартуына байланысты шақыру қағазы 199___ жылғы " " почта
арқылы арнайы хатпен, хабар беру жолымен жөнелтiлдi. (керексiзi
сызылып тасталсын)
Почта түбiртегiнiң N_____________
199__жылғы " " __________________
Комиссия қаулысының көшiрмесiн алу туралы қолхат
N_____ iс бойынша 199__ жылғы " " _________________
Қаулының көшiрмесiн алдым.
___________________________________________________________________
(тегi, аты-жөнi, қолы)
199__жылғы " "________________
Қаулының көшiрмесi
___________________________________________________________________
(алушы адам)
199__ жылғы " " ____________почта арқылы жiберiлдi,
түбiртек N_____
N_____ ХАТТАМА
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ
199__жылғы " "__________ Алматы қаласы
Мен.__________________________________________________________
(хаттама жасаған Комитет қызметкерiнiң тегi,
___________________________________________________________________
аты-жөнi)
Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы Қазақ КСР-i Кодексiнiң 248, 248-1,
261-баптарына сәйкес
___________________________________________________________________
(заң бұзушының тегi, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
(заң бұзушылықтың мазмұны, оның жасалған орны мен уақыты)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
туралы осы хаттаманы жасадым.
___________________________________________________iс-әрекеттерiнде
(заң бұзушының тегi, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(заңдарға, қаулыларға сiлтеме)
бабында көзделгендей құқық бұзушылық нышандары бар.
___________________________________________________________________
(заң бұзушы туралы мағлұматтар)
жасаған монополияға қарсы заңдардың бұзылуын ______________________
___________________________________________________________________
қоса берiлiп отырған материалдар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
айғақтайды.
Қазақстан Республикасының
Хаттама жасалды:________ Баға және монополияға
қолы қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi
қызметкерiнiң тегi,
аты-жөнi
Құқық бұзушы:_________ Құқық бұзушының тегi,
қолы аты-жөнi
Куәлар: Куәлардың тегi, аты-жөнi
_______________________
_______________________
_______________________
Зәбiр шегушiлер: Зәбiр шегушiлердiң тегi,
_______________________ аты-жөнi
_______________________
Хаттама екi дана болып жасалды, бiр данасы құқық бұзушыға табыс
етiлдi.