РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 11 наурыздағы N 2 ұйғарымы негізінде ШЕШЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2012.04.03 N 938 шешімімен.
1. Тасбөгет кентіндегі "Сырдария" көшесінің атауы бекітілсін.
2. Тасбөгет кентіндегі Ленин көшесі "Тәуелсіздік" атауымен, "Жібек жолы" көшесі соғыс және еңбек ардагері Тасмағанбет Батыршаев есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімі аппаратының бас маманы А. Таспановаға жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Әкім Ә. Құтмамбетов