РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. "Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы" Тасбөгет кенті әкімінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 586 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 3 маусымда N 10-1-142 болып тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2010 жылғы 11 маусымда N 25 санымен жарияланған) өзгерістер енгізілсін.
Тасбөгет кенті әкімінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 586 шешімінің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 11 наурыздағы N 2 ұйғарымы негізінде ШЕШЕМІН:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің бас маманы А. Таспанова жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Құтмамбетов