Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
Қызылорда қаласында 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамына:
Жәлиев Нұрхан Бұқарбайұлы – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Омаров Балтабай – "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін;
аталған комиссия құрамынан Мұхимов Абзал Сансызбайұлы, Искаков Ұлан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев