Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 16 сәуірде N 10-1-134 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегi әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезектi мерзімдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту  туралы" N 623 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін қалалық шақыру комиссиясы (әрі қарай-комиссия) құрылсын және оның құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Азаматтарды мерзімді Әскери қызметке шақыру жұмыстарының жүргізілу кестесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері мерзімді әскери қызметке орай, әскерге шақырылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі басқармаға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Б.Баймаханов, келісім бойынша);
      1) шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін аудандық шақыру пунктіне білікті маман дәрігерлер мен аяжандарды бөлуді, және олардың айлық жалақылары сақталуын қамтамасыз ету;
      2) медициналық комиссияларды қажетті медикаменттермен, медициналық құралдармен, флюрографиялық пленкамен және өзге де қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Ә. Шаймағамбетов келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде әскери қызметтен өтуде бас тартып, қашып жүрген азаматтардың іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету үшін қалалық ішкі істер басқармасынан полиция қызметкерлерін бөлу ұсынысын.
      7. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру мерзіміне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын 50 (елу) адамнан бөлу мәселесін қарастыру тапсырылсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Мұхимовке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                           М. ЕРГЕШБАЕВ  

Қызылорда қаласы әкімінің
      2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781
      Қаулысымен бекітілген
      1-қосымшасы

Қызылорда қаласында 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010-ыншы жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының
      ҚҰРАМЫ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.06.07 N 3207 Қаулысымен.

Шамшираков Сейтек Мирасбекович

"Қызылорда қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;(келісім бойынша );

Жәлиев Нұрхан Бұқарбайұлы

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Омаров Балтабай

"Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Тұрсынбаев Серiкбай Сыздықұлы

N 1 қалалық емхана дәрігері (келісім бойынша);

Алиақбарова Мафура Алиақбарқызы

N 1 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Қызылорда қаласы әкімінің
      2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781
      Қаулысымен бекітілген
      2-қосымшасы

1983-1992 жылы туылған азаматтардың 2010 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақырылу кезеңінде жұмыстарының жүргізілу
      КЕСТЕСІ

      Ескерту. Кестені қағаз жүзінде қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады