Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 20/4 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 27 қазандағы N 35/9 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық әділет басқармасында 2010 жылы 26 қарашада N 10-1-156 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 29 наурыздағы N 3/5 Шешімімен

      Сноска. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2012.03.29 N 3/5 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 20/4 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 30 шілдесінде 10-1-115 номерімен тіркелген, қалалық "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 59 (652) және "Қызылорда таймс" газетінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 32 (979) шығарылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің:
      - аталған шешімнің атауындағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" деген сөздер "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" деген сөздермен;
      - 1 тармағындағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін." деген сөздер "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін." деген сөздермен;
      аталған шешімнің қосымшасымен бекітілген "Ауылдық жерде тұратын және жұмыс атқаратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасының":
      - атауы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасы" деген сөздермен;
      - 1 тармағының 1 тармақшасындағы "Осы нұсқаулық ауылдық жерде тұратын және жұмыс атқаратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына (әрі қарай - әлеуметтік көмек алушылар) отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру тәртібін белгілейді." деген сөздер "Осы қағида ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандарына (әрі қарай - әлеуметтік көмек алушылар) отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру тәртібін белгілейді." деген сөздермен;
      - 2 тармағының 3 тармақшасындағы "- ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беріледі." деген сөздер "-ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру мамандарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беріледі." деген сөздермен;
      - 3 тармағының 7 тармақшасындағы "5) Казпоштадан есеп шоты." деген сөздер "5) Жеке шотының немесе банктердегі карт – шотының көшірмесі." деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы  N 31/19 "Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 20/4 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" және Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/13 "Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 20/4 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдері жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс отыз бесінші
      сессиясының төрағасы                             Қ. ЕРНАЗАРОВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                            И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады