Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.02.11 N 14 Қаулысымен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын басшылыққа ала отырып, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығына және "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруды немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырушы аудандық шақыру комиссиясы құрылсын және осы қаулының қосымшасына сәйкес оның құрамы бекітілсін.
2. Қала, кент, ауылдық округ әкімдері шақырылғандарды аудандық дәрігерлік сараптамаға толығымен келуін қамтамасыз етсін.
3. Кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігерінен (Ш.Медетов келісім бойынша):
1) шақыру учаскесіне әскер қатарына шақырылғандарды сапалы дәрігерлік сараптамадан өткізу мақсатында кәсіби шеберлігі жоғары дәрігерлер бөлу;
2) дәрігерлерді қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету сұралсын.
4. Арал аудандық аурухананың бас дәрігерінен (А.Асанбаев, келісім бойынша) әскер қатарына шақырылғандардың денсаулығы жарамсыз болған жағдайда емдеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін әскер қатарына шақыру уақытында "Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық филиалынан (А.Сұлтанов, келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз ету сұралсын.
6. Аудандық телекомуникация торабынан (Б.Еренов, келісім бойынша) Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін телефондық байланыспен қамтамасыз ету сұралсын.
7. Арал аудандық әділет басқармасынан (З.Айтжанова, келісім бойынша) әскери міндетті және әскер қатарына шақырылушы азаматтардың тегі, аты-жөні өзгертіліп тіркелген немесе қайтыс болған азаматтардың Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау сұралсын.
8. Арал аудандық ішкі істер бөлімінен (Ә.Қосбармақов, келісім
бойынша):
1) азаматтарды әскерге шақыру және шығарып салу кезінде аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау, шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету және қорғаныс істері жөніндегі бөлімде ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
2) Қызылорда облыстық жинақтау пунктіне шақырылушыларды
тасымалдауда жол қауіпсіздігін бақылауға және қамтамасыз етуге полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.
9. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөліміне (Қ.Аяпов) әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға қоғамдық
жұмысқа өз еріктерімен келіскен жұмысшыларды бөлу тапсырылсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Дабыловқа жүктелсін.
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. МҰСАБАЕВ
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
31 наурыздағы N 44 қаулысымен
бекітілген қосымша
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырушы аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Байсынов Мұрат Балтабекұлы - Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Дабылов Бөрі - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Үмбетәлиев Әлтай - Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Медетов Шарапат - аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері (келісім бойынша)
Қодарова Гүлбарам - кеңес беру диагностикалық емханасының аяжаны, комиссия хатшысы.