"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 76 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 01 сәуірде N 10-4-116 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 тамыздағы N 250 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.08.02 N 250 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-76 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы 15 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының тақырыбында "Ережесі" деген сөз "қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын және кіріспеде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      аталған қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің қағидасы бекітілсін".
      аталған қаулымен бекітілген үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесінде:
      "қаулысына қосымша" деген сөздер "қаулысымен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тақырыбындағы "Ережесі" деген сөз "қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Ереже", "Ережесінде", "Ереженің" деген сөздер тиісінше "қағида", "қағидасында", "қағиданың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасында "тұлға" деген сөз "адам" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, үйде тәрбиелеу мен оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жөніндегі медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде үйде жүргізіледі".
      9-тармақта:
      "тұрғылықты мекен-жайы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мәтіндегі 6, 7, 8, 9-тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме)";
      "7) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы) немесе анықтама (түпнұсқа және көшірме)";
      "8) салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірмесі)";
      "9) әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме)";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмек аудандық психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясының қорытындысында көрсетілген мерзімге тағайындалады".
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмекті алушыларға бөлінген қаражаттар алушылардың таңдауы бойынша банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді".
      20-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      АУДАН ӘКІМІ                            А. КӨШЕРБАЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады