Қазалы ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 тамыздағы N 250 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 қыркүйекте N 4310 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 02 тамыздағы N 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 02.08.2013 N 199 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 1129-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр балаға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 16 қаңтарда 10-4-76 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 15 жарияланған);
      2) "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 76 қаулысы(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 1 сәуірде 10-4-116 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 28 жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                            М. ИМАНДОСОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады