Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 мамырдағы N 181 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 маусымда N 10-4-122 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 04 ақпандағы N 52 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.02.04 N 52 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Қазалы ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне – 50000 теңге;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларды сауықтыру үшін – 25000 теңге;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне тұрғын үйлерін жөндеуге – 150000 теңге (оның ішінде 100000 теңге аудандық бюджеттен);
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне мерекелік киіммен қамтамасыз етуге – 15000 теңге;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне мерекелік азық-түлігін алуға – 15000 теңге;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға көліктерде жеңілдікпен жүруге – 2500 теңге.
      2. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы Қазалы аудандық бөлімшесі ұсынған әлеуметтік төлемдер алатын адамдар туралы мәліметке сәйкес біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады.
      3. Біржолғы материалдық көмек әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару жолымен төленеді.
      4. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Айтуғанов) осы қаулыға сәйкес туындайтын шараларды атқарсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      

      АУДАН ӘКІМІ                                          А.КӨШЕРБАЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады