"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып және ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 8 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тасарық ауылының солтүстік-батыс жағындағы атауы жоқ көше Ұлы Отан соғысына қатысушы Қанатбаев Шахмаран атындағы көше болып аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасарық ауылдық
округінің әкімі Н.Ургенішбай