Қазалы қаласындағы көше атауларын өзгерту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласы әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 83 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 28 желтоқсанда N 10-4-135 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласы әкімінің 2013 жылғы 28 ақпандағы N 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласы әкімінің 28.02.2013 N 21 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа алып, Қазалы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және аудандық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 10, 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 11, 13 ұйғарымдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Қазалы қаласындағы Беляев көшесі еңбек ардагері Өтепбергенов Қаражан, Гагарин көшесі органының ардагері Түркебаев Өмірзақ, Бостандық көшесі ақын Әнес Нарымбетов атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы қаласы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы                        А. Әбілхан
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады