"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарын басшылыққа алып, Әйтеке би кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және аудандық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 8 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 70 жылдық октябрь көшесінің атауы Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуқабыл Қашқынбаев көшесі атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өз міндетіме қалдырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би кенті әкімінің
міндетін уақытша атқарушы Ж.Жакенов