Қарашеңгел ауылдық округі, "Қатты көл" учаскесіндегі N 104 бекетінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 10 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 26 қаңтарда N 10-4-139 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа алып, Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Водокачка елді мекені тұрғындарының пікірін ескере отырып және аудандық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 21 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Қарашеңгел ауылдық округі, "Қатты көл" учаскесіндегі N 104 бекеті атауы Өтегенов Молдахмет атындағы N 104 бекеті атауына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                 Ж.СУЙЕУБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады