Қазалы ауданының Майдакөл ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 386 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 31 қаңтарда N 10-4-140 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қарашадағы N 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.11.17 N 36 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 2-19-752 санды ұсынысының негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округінде қой және ешкі малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (Б.Пірманов, келісім бойынша) бруцеллез ауруының таралуына жол бермеуге және жоюға бағытталған ветеринариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
      3. "Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" (Ө.Өтеп-Әлі) және "Қазалы аудандық ветеринария бөлімі" (А.Рыстығұл) мемлекеттік мекемелері мүдделі органдармен бірлесе отырып тиісті шараларды ұйымдастырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ш.Қойшыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                            А. Көшербай

      "КЕЛІСІЛДІ"

"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Қазалы аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Пірманов ________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады