Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес ауданда шақыру комиссиясы құрылсын және оның жұмысы 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылсын.
3. "Қармақшы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне
азаматтардың әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру үшін
автомобиль көлігімен қамтамасыз ету және 2-қосымшаға сәйкес мерзімді
әскерге шақыру кезінде техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
3.1. "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтардың әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру үшін байланыс құралымен қамтамасыз етсін.
Ескерту. Шешім 3-1-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің 2010.05.11 N 911 қаулысымен.
4. Кент, ауылдық округ әкімдеріне 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді
ұйымдастыру тапсырылсын.
5. "Қармақшы аудандық емханасы" (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясын құрсын.
6. "Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.
7. "Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі көпшілік шоғырланатын орындарда және әскерге шақырылғандардың жүру маршруттарында қоғамдық тәртіпті сақтау ұсынылсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.
9. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаюпов
"КЕЛСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Айдаров
2010 жылы "31" наурыз
"КЕЛСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Утегенов
2010 жылы "31" наурыз
"КЕЛСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бастығы Б.Нысанбаев
2010 жылы "31" наурыз
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 01 сәуірдегі
N 853 қаулысына 1-қосымша
Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын
өткізу үшін құрылған шақыру комиссиясы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің 2010.05.11 N 911 қаулысымен.
Айдаров Мұрат Нәрзілдаұлы - "Қармақшы аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы;
Мұстафаева Қаншагүл - Қармақшы ауданы әкімінің
Шоңмүрынқызы орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Суханбердин Нұрлыбек - "Қармақшы ауданы ішкі істер
Хамзеұлы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары;
Батенова Марияш Айнияқызы - аудандық емхананың дәрігері,
дәрігерлік комиссияның төрайымы;
Жүрімбаева Ляззат - аудандық емхананың медбикесі,
Қуанышбекқызы комиссия хатшысы.
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 01 сәуірдегі
N 853 қаулысына 2-қосымша
Кезекті әскерге шақыру кезінде бөлінетін
техникалық қызметкерлер
"Қармақшы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі - 7 қызметкер