Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес және Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 718 қаулысын басшылыққа ала отырып, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 853 қаулысына (Қармақшы ауданы әділет басқармасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 19 сәуірінде N 10-5-130 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 37(8827) ресми жарияланған) (бұдан әрі - қаулы) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес құрылған аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Кәрібаев Бауыржан – аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, Ерназаров Қанат Қайырбекұлы - N 121 мектептің педагог-психологы шығарылсын;
2) азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу үшін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының қосалқы құрамы құрылсын;
3) қаулыдағы "2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында" - деген сөйлем "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында" деген сөйлеммен ауыстырылып оқылсын;
4) төмендегі мәтіндегі 3.1-тармақпен толықтырылсын:
-"3.1. "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтардың әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру үшін байланыс құралымен қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаеваға жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М.Айдаров _________________
2010 ж. "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
М.Тұрашев _________________
2010 ж. "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық емхана"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бастығы
Б.Нысанбаев _________________
2010 ж. "___" __________
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 мамырдағы
N 911 қаулысына 1-қосымша
Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу үшін құрылған шақыру комиссиясының қосалқы құрамы
Збайраев Мұратбек Берлібекұлы |
- "Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді жинақтау және шақыру бөлімше бастығы, комиссия төрағасы; |
Қалиев Ерлан Піртазаұлы |
- Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Амирбеков Ақылбек Өмірбекұлы |
- Қармақшы ауданы ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы; |
Аққасынова Айман Жарылқасынқызы |
- "Қармақшы аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы; |
Маханова Жаңагүл Абдрахманқызы |
- "Қармақшы аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы. |