Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның он жеті жарым жастан жиырма алты жасқа дейінгі азаматтары арасынан әскери - техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарына (бұдан әрі - оқу орындары) түсуге ынталы талапкерлерді іріктеу 2010 жылғы наурыз - сәуір айларында жүргізілсін.
2. Оқу орындарына түсуге ынталы талапкерлерді іріктеу жүргізу үшін төмендегідей комиссия құрамы бекітілсін:
1) Айдаров Мұрат - Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
2) Жанаев Бақытбек Жайықұлы - Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы;
3) Суханбердин Нұрлыбек Хамзиевич - Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
4) Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы - Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының аудандағы өкілі, Қармақшы аудандық емхананың бас дәрігері (келісімі бойынша);
5) Мұратова Анар Қаржаубайқызы - Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісім шарт әскери қызметшілерін шақыру және жинақтау бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ.Ш. Мұстафаеваға жүктелсін.
4. Қармақшы ауданы әкімдігінің "2010 жылы азаматтарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарына түсуге іріктеу туралы" 2010 жылғы 05 наурыздағы N 818 қаулысы жойылсын.
5. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
"КЕЛСІЛДІ"
"Қармақшы ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы М. Айдаров
"КЕЛСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Утегенов
"КЕЛСІЛДІ"
"Қармақшы аудындық емханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бастығы Б. Нысанбаев