Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңдарын және 2010 жылғы 13 шілдедегі Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның ұйғарымы және N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тұрмағамбет ауылының батыс бөлігіндегі жас мамандарға арнап салынған тұрғын үйлер орналасқан көшеге Бәйменов Уатай Бұлақбайұлының есімі берілсін.
2. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Дауылкөл ауылдық округі әкімі Ә. Мұханбетқалиев