Ақтөбе ауылы орталығындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі N 30 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 05 қазанда N 10-5-144 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына және Қармақшы ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 13 шілдедегі Ұйғарымы және N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ақтөбе ауылы орталығындағы бұрын атау берілмеген көшелерге Ыбырай Сейтенов, Нәсіредин Сералиев, Амангелді Иманов, Кеңсе, Ыбырай Алтынсарин, Бисенбай Қасқырбаев атаулары берілсін.
      2. Шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ауылдық округі әкімі                       О. Мұнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады