Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012.03.01 N 41 хаты)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100 Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға арналған бір жолғы талондар құны N 1, N 2қосымшаларда көрсетілген мөлшерде белгіленсін.
2. Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы "2010 жылға арналған бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 4 мамырында N 10-5-133 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 44-45 санды шығарылымында жарияланған) N 170 санды шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
кезекті 34-сессия төрағасы А. Үсенов
Аудандық мәслихат хатшысы М. Ерманов
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
"22" желтоқсандағы кезекті
34-сессиясының N 229 шешіміне
N 1 қосымша
Базарларда тауарларын /мүлкін/ өткізетін, сататын бір жолғы талон негізінде айналысатын жеке тұлғалардың бір күнгі сатушылық қызметінің талон құны
Р/с | Базардың саудашылық қызмет түрі | 3-санат | Бір жолғы талон құны тенге |
---|---|---|---|
1 |
Азық-түлік саудасы |
||
- жүк автокөліктен сату |
500 |
||
- жеңіл автокөліктен сату |
300 |
||
- сөреден сату |
100 |
||
- қолдан сату |
50 |
||
2 |
Өндірістік / киім / канцелярлық, шаруашылық тауарлар саудасы |
||
- сөреден сату |
120 |
||
- қолдан сату |
60 |
||
3 |
Кілем, палас бұйымдарын сату |
120 |
|
4 |
Балмұздақ сату |
120 |
|
5 |
Кәуап |
200 |
|
6 |
Сусындар сату |
50 |
|
7 |
Нан-кондитер өнімдерін сату |
50 |
|
8 |
Күнбағыс дақылдары, темекі өнімдері |
20 |
|
9 |
Ет, ет өнімдерін сөреден сату |
200 |
|
10 |
Сүт, сүт өнімдерін сату |
50 |
|
11 |
Көкөніс өнімдерін / салат / сату |
100 |
|
12 |
Етік, сағат жөндеу қызметі |
60 |
|
13 |
Ірі қара малын сату / 1 бас / |
200 |
|
14 |
Уақ малы / 1 бас / |
80 |
|
15 |
Жем-шөпті,табиғи отындарды /жыңғыл/ жүк машиналарынан сату |
500 |
|
16 |
Күріш, бидай ұн өнімдерін сату |
120 |
|
17 |
Аудио-бейне кассета сату, жалға /прокат/ беру |
80 |
|
18 |
Көкөніс – жемістер сату |
80 |
|
19 |
Арбамен отын сату |
50 |
|
20 |
Қолдан жасалған үй жиһаздарын сату |
70 |
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
"22" желтоқсандағы кезекті
34-сессиясының N 229 шешіміне
N 2 қосымша
Қармақшы ауданы бойынша жеке тұлғалардың бір жолғы талон құны
/ теңге /
Р/с |
Бір жолғы талон негізінде кәсіпкерліктің тізбесі |
3-санат |
құны |
Сату /тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы/ |
|||
1 |
Газеттер мен журналдар |
80 |
|
2 |
Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары /екпелер, көшет/ |
80 |
|
3 |
Бақша дақылдары |
50 |
|
4 |
Саяжай және үй жанында өсірілген табиғи гүлдер |
200 |
|
5 |
Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері |
50 |
|
6 |
Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп |
80 |
|
7 |
Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық. |
40 |
|
8 |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
200 |
|
9 |
Үй жануарлары мен құстарды бағу |
60 |