Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне, салынатын бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
ХХІХ-сессиясының төрағасы | А. Алдонгаров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Сүлейменов |
Жалағаш ауданы бойынша | |
салық басқармасының бастығы | Қ. Сүлейменов |
2010 жылғы 7 сәуірдегі N 29-3 Жалағаш аудандық мәслихатының шешіміне қосымша |