Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 21-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Жалағаш ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. “Жалағаш ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне салынатын бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 07 сәуірдегі № 29-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-6-150 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2010 жылғы 12 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы “29” маусымдағы № 4-9 шешiмiне қосымша |
Қызметін Жалағаш ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлшеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектiсiнiң атауы | Тiркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелi | 3 |