"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ауылдық округі халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссиясының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 5 ұйғарымы мен 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Мақпалкөл ауылдық округіндегі "Ленин" көшесінің атауы "Асқар Қожахметұлы" атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУЫЛ ӘКІМІ | Б. ЖАЙЫЛХАНОВ |