"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірлерін ескере отырып ШЕШЕМІН:
1. Таң ауылдық округіндегі:
1) Сад көшесі Қоқыбай болыс атындағы көше болып;
2) Гагарин көшесі Сегізбай би атындағы көше болып;
3) Қазақ көшесі Қуаныш Құлманов атындағы көше болып;
4) Жеңістің 40 жылдығы көшесі Орынбай жырау атындағы көше болып
қайта аталсын.
2. Атауы жоқ көшелерге:
1) Манақ батыр;
2) Елтай молда деген атаулар берілсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Т. Айгараев