Жаңақорған кентін және Жаңақорған ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 184 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 қаңтарда N 10-7-89 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 355 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2011.09.14 N 355 Шешімімен.

      Жаңақорған кентін және Жаңақорған ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Қағидасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, ауданда көркейту тәртібін анықтау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргізу және жасыл желектерді қорғау мақсатында және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 12 сәуірдегі N 448 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақорған кентін және Жаңақорған ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың
      кезекті XXII сессиясының төрағасы              С.ЫСҚАҚОВ

      Аудандық Мәслихат хатшысы                      С.ДҮЙСЕБЕКОВ

2009 жылғы 24 желтоқсандағы
      N 184 шешіміне N 1 қосымша

Жаңақорған кентін және Жаңақорған ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау
      Қағидасы

1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар

      1. Аумақтарды көркейту - кент орталығы мен елді мекендер аумақтарындағы адамдардың өміріне жайлы, қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтер кешені.
      2. Инженерлік желілер мен құрылғылар кент орталығы мен елді мекендер тұрғындары мен кәсіпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, кент орталығы мен елді мекендер аумақтарынан жер беті суын жинау мен бұру үшін бағытталған, кент орталығы мен елді мекендердің инженерлік көркейтуінің маңызды элементтері.
      3. Жасыл желектер санитарлық-гигиеналық, экологиялық шарттарды және көркейту мен сәулет ландшафты рәсімдеу (көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін кент орталығы мен елді мекендердің жобалау шешімінің элементі.
      4. Жер жұмыстары аумақтарды қазу, үйінділерді жию, қайта жабу, қазған шұңқұрларды өңдеуге байланысты жұмыстар.
      5. Жер пайдаланушы кент орталығы мен елді мекендер ішіндегі жер учаскелерін пайдаланатын, мақсаттары мен меншік түріне қарамастан заңды немесе жеке тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жолаушылар және тағы басқалар).
      6. Үй иесі - жеке меншігінде үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.
      7. Өкілетті орган - жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген мемлекеттік мекеме.
      8. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушыға меншікке берілген жер учаскесі немесе оған қатысты нысандарды орналастыру үшін өкілетті органның құқықтық негіз беретін құжаттарға сай пайдалану (ғимараттар, құрылғылар, көлік магистралдары және басқалар).
      9. Бекітілген аумақ - заңды немесе жеке тұлғаға бөлінген аумақтар, оларды пайдалануға, күтуге және қызмет көрсетуге өкілетті органмен тіркелген жер учаскесі. Кент орталығы мен елді мекендер ішінде бекітілген аумақтар:
      1) кент орталығы мен елді мекендер көшелерінің аумақтары (жаяу соқпақтар, көк шөп шығатын алаңдар және басқа да көркейту элементтері) ұзындығы бойынша құрылыс аумағы көлемінде, енінен екі жақта құрылыс жүрген кезде өту жолдың ортасына дейін және бүкіл ені бойынша құрылыс бір жақта жүрген кезде;
      2) жергілікті әкімшілігіне, кондоминиумдарға және басқаларға бөлінбеген, аула ішіндегі аумақтар (бір аулада бөлінген аумақтар шекараларына теңбе-тең немесе тараптардың келісімі бойынша бекітілген, бірнеше жер пайдаланушының болуы);
      3) белгіленген аумақтың параметрі бойынша 20 метр қашықтықтағы аумақ.
      10. Көше - жолдың жүретін бөліктері, жаяу соқпақтар, жасыл желектер, аялдамалар, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан кент орталығы мен елді мекендер аумақтары.
      11. Қоғамдық орындар жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, парктер, саябақтар, алаңдар, жағажайлар және басқа нысандар.
      12. Салынып бітпеген аумақ негізгі жобалау нормасын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрі жоқ аумақ.

2. Жалпы ережелер

      1. Осы қағиданың мақсаты - кент орталығы мен елді мекендер аумақтарындағы адамдардың өміріне қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін көркейту тәртібін анықтау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргізу және жасыл желектерді қорғау болып табылады.
      2. Үнемі тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар, тұрғындар бөлінген және бекітілген аумақтар мен жасыл желіктерді күтуге қатысуға қажет.
      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар және жеке меншік үй иелері сәулет және санитарлық нормаға сай бөлінген және бекітілген аумақтар шекарасын өз есебінен ұстауы қажет.
      1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіптік және сауда ғимараттары, вокзалдар, стадиондар мен басқа да олардың аумақтарының маңындағы нысандары;
      2) көшелер, алаңдар, өтетін жолдар аумақтары, жаяу соқпақтар, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындар, базарлары мен базар алаңдары маңындағы аумақтармен кент орталығы мен елді мекендер зираттары, автокөлік тұрақтары;
      3) қоршаулар, шарбақтар, көк шөп шығатын алаңдар қоршаулары, жарнаманың және жарнама қондырғыларының барлық түрі, ғимараттар мен ескерткіштерді декоративтік жарықтандыру бойынша қондырғылар, көшені жарықтандыру шамдары, маңдайшадағы жазулар, сөрелер, тірек бағандар, көшедегі сағаттар, ескерткіш тақталар, көше атауларының көрсеткіштері, үйлердің нөмір белгілері, бақты - саябақ отырғыштары, урналар, жолаушылар көлігінің жолаушыдар аялдамаларындағы отырғызатын алаңдар мен повильиондар;
      4) жол желілері, су құбырлары, трасформаторлық қондырғылар, көшелер мен алаңдардың жол төсемдері, көше қозғалыстарын реттеу белгілері, радиотрансляциялық қондырғылар, антеналар, телефон байланыстарының будка постылары және метерологиялық қызметтер, диспетчерлік қызметтердің сөйлесетін қондырғылары және басқа да гидротехникалық, инженерлік-техникалық және санитарлық құрылғылар;
      5) бөлінген және бекітілген аула аумақтары: олардың жүйелерін көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қарды шығару және құм шашу су ағар мен кәріздерді тазарту, қоқыс пен жапырақтарды жағуға жол бермеу;
      6) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сай жасыл желектерді сақтау, олардың ведомтсвалық қатыстылығына қарамастан, жұмсалатын қор құрады және қатаң қорғалады.
      7) толық кешенді огротехникалық іс-шаралар өткізу, суару, діндерді ағарту, тамырына жақын өскіндерді жұлу, тыңайтқыштар салу, діннің айналасын қопсыту, улау және шығатын алаңдар шөбін шабу;
      8) зиянкестер мен арам шөптерді (арамсояу, амбрфия, сора және басқа) жою жөніндегі өз күштерімен немесе арнайы қызметтермен шарт бойынша жүйелі жұмыстар атқару;
      9) жыл сайын екі рет кент орталығы мен елді мекендер аумақтарын көркейту және санитарлық тазарту бойынша айлық өткізу.
      10) қала аймақтарын көркейту, көгалдандыру бойынша байқау конкурстар өткізу;
      11) жер асты коммуникацияларының иелері дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіру.

3. Кент орталығы мен елді мекендер аумақтарының жинау тәртібі

      1. Кәсіпорындар (барлық меншік түріндегі), қоғамдық ұйымдар, кондоминиумдар, үй - жайлар иелері немесе жалдаушы жеке тұлғалар, азаматтар бөлінген және бекітілген арнаулы белгіленген орындарда орнатылған контейнерлік алаңшалардағы контейнерлерге қоқысты жинайды және өздері шығарады немесе штатта аула сыпырушының ұстауды немесе бұл жұмыстарды арнайы кәсіпорындармен шарт негізінде орындайды. Бөлінген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа суарулармен көшелерді, алаңдарды және басқа да аумақтарды жууды орындауы керек.
      2. Жетілдірілген төсемі бар, көшелер мен алаңдардың жүретін бөліктерін механикалық жинау жоспарлы түрде таңғы 4-тен 6-ға дейін және қажет болған жағдайда күн ағымында қайта жиналады.
      Шаңдануы көп болатын көшелерді су шашу күнделікті екі реттен кем емес жүргізіледі, соның ішінде күндіз бір реттен кем емес жүргізіледі.
      3. Көшелердің жол төсімін, аумағындағы көк шөп шығатын алаңдарын, жаяу соқпақтарды, қоғамдық көлік қозғалыстарының қызыл сызық шекарасына автобус аялдамаларының қалталары мен авто жол көпірлерін жол желілерін, саябақтар, саяжолдар, бульварлар, зираттар аумақтарын жинау кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржысы есебінен жүргізіледі.
      4. Теміржол жолы мен көпірлер, еңістер, үйінділер, өткерлер, жол арқылы өтетін жер, рельстер шетінен 20 метр ендіктегі аймақтар осы кұрылғыларды пайдаланатын темір жол ұйымдарының күшімен және қаржысымен жиналады.
      5. Автобекеттерді, көлік шаруашылығының диспетчерлік пунктерін, диспетчерлік қызметтермен сөйлесу құрылғыларын және оларға бекітілген аумақтарды жинау мен ұстау.Олардың теңгерімінде болып табылатын көлік шаруашылығының органдары мен жүзеге асырылады.
      6. Инженерлік-техникалық және гидротехникалық кұрылғыларға жататын аумақтар маңын жинау мен ұстау (газгольдерлер, ТП және басқалар) осы құрылғылар иелерімен жүргізіледі.
      7. Халыққа қызмет көрсететін, сауда нүктелері бар, жеке тұлғалар және басқа пунктер, сондай-ақ осы үй жайларды жолаушылар күні бойы тазалық сақтау керек және жұмыс аяқталғаннан кейін 20 метр өрісте (радиус) жиналған қоқысты өздерінің контейнерлеріне жинайды, аулаларды қоқыс пен батпақтан тазарту қажет.
      Ұсақ бөлшек сауда сататын дөңгершектер, повильиондар мен дүкендер қоқыс жинау мақсатында тиісті мекемемен келісімге келуге сонымен қатар оларға маңына босаған ыдыстар мен тауарлар қорын жинауға жол берілмейді.
      8. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонның тиісті жағдайда ұстау шарт негізінде меншік субъектілерімен кент орталығы мен елді мекендерге белінген қаржы есебінен жүргізіледі.
      9. Базар алаңдары мен аумағын жинау, қалдықтарды жинайтын орындарды тазарту және оны күтіп ұстауды базардың меншік иесі жүргізіледі. Базар аймақтарын санитарлық нормалар мен ережеге сай 20 метр өрісте (радиуста) таза жэне реттілікте ұстау, өз территорияларында жүйелі түрде күнделікті санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Базар аймақтарында (соның ішінде шаруашылық базар алаңдарында) қатты төсемдер (асфальт, кеспе тастар, т.б) болуы керек. Жылдың жылы мезгілінде сыпырудан басқа базар аймақтарын жуу немесе су себу жұмыстары жүргізіледі.
      10. Көркейтудің орындалған жобаларына сай, демалыс аймақтары, көпшілік демалатын жерлер аумақтарында;
      1) арақашықтықтарды 40 метрден аспайтын 600 шаршы метрге бір урнадан кем емес болуы тиіс;
      2) 3500-4000 шаршы метр алаңына бір контейнер есебінен қалдықтар жинағыш болуы керек;
      3) стационарлық дәретханалар жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсіп орындарда, ашық алаңдарды кәуап жасайтын орындарда, киоскілерде, сауда павильиондарында және т.б орындарға қызметкерлер мен келушілерге қажетті шарттың бірі - көшірмелі дәретхана орнату болып табылады.
      4) канализация жоқ рыногтарда, қоғамдық дәретханалар, сауда орыннан 50 метрден кем емес қашықтықта орналастыру керек.
      11. Демалыс аймақтары мен көпшілік демалатын орындар аумақтарын жинау, сондай-ақ күнделікті таза құм немесе ұсақ тас себу жиналған қалдықтарды алып, құмның үстіңгі қабатын механикалық қопсыту осы аумақтар бекітілген, ұйымдармен бекітілген заң тәртібінде жүргізіледі.
      12. Саябақтар, саябаулар, демалыс аумақтары мен көпшілік демалатын орындардағы сауда нүктелерін жинау,
      - жеке меншік тұрғын үйлерді иеленуші кент орталығы мен елді мекендер тұрғындары, қоқыстарды шығаратын арнайы қоқысты шығару, сауда жасайтын мекемемен және тұлғалармен жүргізіледі.
      13. Стадиондар, спорт алаңдарын ұстау және жинау теңгерімінде ұсталатын техникалық қызметкерлермен жүзеге асырылады.
      14. Кооперативтік гараждың, саяжайлардың, жасыл желектер мен бау - бақша қоғамдарының бөлінген және бекітілген өрісі (радиусы) 20 метр аумақтарын ұстау және жинау меншік иелерімен немесе осы кооперативтерінің қоғамдық ұйымдармен атқарылады.
      15. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар ауласының ішінде темір гараждар мен жер қоймаларын орнатуға жол берілмейді. Өз еркімен орнатылған гараждармен жер қоймалары бұзылады.
      16. Бөлінген және бекітілген зираттар аумақтарын ұстау мен жинау кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржысы есебінен жүргізіледі.
      Зираттар аумақтарын қоршалу керек, ішкі жолдарында қатты жамылғылар болуы керек.

4. Қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару тәртібі.

      1. Тұрғын үйлер мен сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіп орындарына, балалардың оку орындарына, емдеу-сауықтыру мекемелерінен, мәдени кәсіпорындардан қоғамдық ұйымдардан тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан бұлай ТҚҚ) полигонына қоқыстармен тұрмыстық қалдықтарды шығару арнайы шарт бойынша немесе ақылы негізде жүргізіледі. Кент орталығы мен елді мекендер төңірегіндегі барлық кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар, меншік түріне қарамастан басқа да шаруашылық субъектілері, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және шығарумен айналысатын арнайы кәсіп орындармен келісімге келуі қажет. Келіссөздер жылына бір рет жасалады, шығарылатын қалдықтардың көлемімен төлемі заңдылықтар бойынша анықталады; арнайы кәсіп орындар мен тазалық секторлары мен келісім шарт жасау қажет.
      2. Қоқыс және қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнату үй иелерінің, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларымен, тұлғалармен шарт бойынша байланыстарына контейнерлер бар арнайы кәсіп орындармен жүзеге асырылады. Әр кәсіпорынның, қоғамдық ұйымның, кондоминумның және басқа құрылымдардың өз баланстарында бөлінген жерде контейнерлер болуы керек.
      3. Контейнер орнатылған алаңдарда су өткізбейтін қатты жабуы және кіретін жолдары болуы керек, сәулет және кала құрылыстары (органдарымен), мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша пайдалану объектісінен 20-100 метрден аспауы керек.
      4. Контейнерлер, қоқыс жинайтын ыдыстар дер кезінде баланста ұстаушылармен тазаланып санитарлық талапқа сәйкес залалсызданып отырылуы керек.
      5. Кент орталығы мен елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен төгудің, оларды белгіленген кезеңімен тапсырыссыз қалдықтар жинайтын нысандар аумақтарынан шығарудың жүйеленіп қарастырылатын жоспарлы жүйесі пайдаланылады:
      1) тұрғын үйлер кеңістіктері үшін үй иелерімен бекітілген кестеге сай, контейнерлерде қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтардың үйіліп қалуын болдырмау;
      2) қоғамдық және мәдени бағыттағы нысандар үшін кажет болған жағдайда, бірақ аптасына 2 реттен аз емес;
      3) аз қабатты құрылысы үй иелері үшін қажет болған жағдайда, бірақ аптасына 1 реттен аз емес;
      4) ірі көлемді тұрмыстық затты шығару тапсырыс бойынша жүзеге асырылады;
      5) камералардан қалдықтарды шығару орнының маңындағы камераларды, қоқыс құбырларын, қоқыс жинайтынды және аумақтарды ұстау үй иелерімен жүзеге асырылады;
      6) жекелеген жағдайларда қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтарды 5 метр аймақта жинау және шығару қатаң сағат кестесімен қолмен тиеліп, қоқысты тасымалдауға жабдықталған автокөлікпен орындалады;
      7) кент орталығы мен елді мекендердегі сұйық қалдықтар арнайы кәсіпорындармен шарт бойынша шығарылады;
      8) дәретханалар және құбырлы шұңқырларға кіре берістерді қамтамасыз ету жеке меншік құқығындағы үй иелері мен маңындағы жер учаскелері бар азаматтармен жүзеге асырылады.
      6. Арнайы кәсіпорындармен қызмет көрсетуге қамтылған жеке тұлғалар, қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға арнайы жабдықталған көлік құралдары бар болған жағдайда, өз күшімен және қаражатымен орындайды. Кент орталығы мен елді мекендерде қоқыс төгетін орынға қоқыс шығару ісі тиісті құжаттармен расталуы қажет.
      7. Санитарлық тазалау мақсатында жалпы кент орталығы мен елді мекендерде іс-шаралар өткізілгенге жалпы халықтық, жерлердегі қоқыстар ҚТҚ полигондарына ақысыз төгіледі.
      1) Санитарлық тазалықты ұйымдастыру мақсатында аптасында бір рет жұма күндері санитарлық тазалық күні өткізіледі, оған меншік құқығына қарамастан заңды және жеке тұлғалар қатысуға тиісті.
      2) жергілікті атқарушы органның ұйғарымымен сенбі күндері де санитарлық тазалық күні ұйымдастырылуы қарастырылады, оған да меншік құқығына қарамастан заңды және жеке тұлғалар қатысуға тиісті.

5. Қыс жағдайында аумақтарды жинау және ұстау

      1. Жергілікті әкімшілікпен бекітілген "Тазалак" айлықтар мерзімінде кент орталығы мен елді мекендер аумақтарын жинау, қоқыс, қар, мұз, балшық және құм шығару сағат 6-дан 21-ге дейін және қажет болған жағдайда күні бойы жүргізілуі мүмкін. Ауа-райы жағдайларына байланысты бұл жинау тәртібі өзгеруі мүмкін.
      2. Басылып қалмау үшін қар күреу қар жауа бастаған кезден басталады және барлық меншік субъектілерімен қар жауып болғанға дейін үзіліссіз жалғасады. Жаңа түскен қарды дуал және үйме етіп барлық көшелермен алаңдарға жинап, қар жауып болғаннан кейін тез арада жинап алу керек. Өткелдер мен жолдарға үйіп тастауға, көк шөп шығатын алаңдарға қар мен мұзды жинауға рұқсат етілмейді.
      3. Төбелердегі қарда тазарту және төбелердегі, жиектер мен суағатын құбырлардағы бұлтықтарды алу, жүргіншілердің бағытсыз жағдайға душар болуына жол бермейтін және ауа желілері, шырақтары, жасыл желектерге мұқсан келтірмеу шарттарын сақтап, ғимараттар мен құрылыс иелері күшімен жүйелі түрде жүргізілуі керек.Төбеден түсірілген қар тез арада шығарылу керек. Қар, мұз шығаруға нысандарымен аумақтарын ластандырмау үшін жергілікті басқару органдарымен белгіленген орынға апарылады.
      4. Көшелер, алаңдар, көпірлер мен жол желілерінің жүретін бөліктерінің, жол қиылыстарын өрлеу және еңістер жаяу соқпақта, жүргіншілер өткелдерін, баспалдақтарын механикалық тазарту және құм себу жоспарлы түрде арнайы кәсіп орындармен кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржы есебінен жүргізіледі.
      5. Меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалар жаяу соқпақтар, өткелер, алаңдар бөлінген және бекітілген аумақтар орналасқан адамдар көп жиналатын жерлер мен өткендерді механикалық жинау құм себуге арнайы кәсіп орындармен шарт жасасуы мүмкін немесе осы жұмыстарды өз күшімен атқарады.
      6. Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарда тайғаққа қарсы іс-шаралар (мұз, қар, жару, тайғақ, жерлерге инерттік материалдар себу) қарастыруға тиіс.
      7. Қардан кент орталығы мен елді мекендер көшелерін тазартуға кедергі келтіретін, кент орталығы мен елді мекендер көшелерінде бей-берекет автокөліктерге қоюға рұқсат етілмейді.

6. Көшелер, жолдарды, жол қиылыстарын пайдалану тәртібі және оларды ұстау мен қорғау тәртібі.

      1. Көшелер мен жолдар олардың құрамына кіретін нысандар мемлекет меншігі болып табылады және жалпы қолдануға бағытталған. Көшелерді, жолдарды және құрылғыларын пайдалану оларды ұстау мен қорғау тәртібі, жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сай қабылданған осы ережелерді сақтау мен жүзеге асыру кажет.
      2. Инженерлік құрылымдар мен көшелерді, жолдарды пайдаланушылардың барлығының тиісті көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
      1) көшелер, тратуарлар, жолдар мен жол құрылғыларына жол құрылғыларын реттейтін белгілер, құралдар, жасыл желектер мен басқа жол құрылғыларына нұқсан келтіруге;
      2) көшелер мен жолдарды қандайда бір заттар мен, құрылыс материалдарымен, машиналармен қоршап немесе үйіп тастауға;
      3) белгіленген шекаралардан артық жұмыстар орындауға;
      4) жерді және ағаштарды, бұталарды, көк шөп шығатын алаңдарды, құдықтар люктерін, су ағатын торларды, су өткізетін құбырлар мен дренаждарды құрылыс материалдарымен жабуға;
      5) көшелер мен жолдардың өтетін бөлігіне кәріздік, өндірістік және іркелген суларды ағызуға;
      6) жол төсемдерін бұзуға байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;
      7) жолдардың жүру бөлігіне лас шығаратын көлік құралдарын шығаруға;
      8) мемлекеттік санитарлық тәртіппен белгіленген белгілерде көрсетілген жалпы габаритті жүк салмағы нормадан артатын көлік құралдарының көшелер мен жолдардан өтуіне;
      9) көшелермен жолдардың белгіленбеген орындары арқылы және жиек тастары арқылы өтуге, көлік құралдары мен басқа техникалардың кіруне және шығуына;
      10)жаяу соқпаларда жүргіншілер жолдарына бөлік жолақтарына көк шөп шығатын алаңдарда тұрғын үйлер дүкендер, дәріханалар, базарлар, қызметтік ғимараттар маңын жалпы қолдану орындарына көлік құралдарын қоюға;
      11) көшелермен жолдарды ластайтын тиісті жабуы жоқ төгілетін және басқада жүктерді тасымалдауға;
      12) қысқа уақытта қызыл сызықтан өтетін бөлігін тазарту үшін айрықша жағдайдан басқа шынжар табанды техниканың өтуіне жол берілмейді;
      13) көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерлерде жол шеттерінде және лотоктордың бойында жууда.
      14) жаяу соқпақтарда, жүргізушілер жолдарында арық үстінде кауәп пісіру немесе басқа тағамдар дайындау қондырғыларын орындауға;
      3. Кент орталығы мен елді мекендердегі көшелерімен жолдарының жол жабу тәртібін қадағалау жұмыстарын бекітілген мердігерлік мекемесі, ішкі-істер басқармасы, жол полициясы бөлімімен үнемі тексеру арқылы жүзеге асырылады. Оның мақсаты:
      1) кент орталығы мен елді мекендерде көліктермен жүргіншілердің тәулік бойы үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету.
      2) жол қабаттарының ерте тозу мен бұзылудан сақтау.
      3) кент орталығы мен елді мекендерде көлікті дамыту талаптарына сай, кент орталығы мен елді мекендерге жолдарының жағдайын жүйелі жақсарту
      4) жол қабаттарының қалыпты жағдайынан оларды жою үшін дер кезінде ақаулар мен бөлінуді анықтау, жекелеген жағдайларда (жолдың жүретін белігінің қылаулы көк тайғақ, апат жағдайларына көшелермен жолдардың бөлінуі) қозғалыстың қалыпты жағдайларын қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысын шектеу мен сақтау.

7. Кент орталығы мен елді мекендерге аумақтарында кіші сәулеттендіру түрлерін орнату мен ұстау тәртібі

      1. Сыртқы көркейтудің барлық құрамы соның ішінде ғимараттардың көше жақ бетін жөндеу кент орталығы мен елді мекендер аймақтарының кұрылыс тәртібін анықтайтын ережелерге сай орындалуы қажет. Балансында құрылымдары бар, үй-жайларды жалға алатын меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, заңды және жеке тұлғалар көшелер алаңдар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың көше жақ беттерін мерекелік әшекейлеу бойынша жұмыстарды орындауға ерікті.
      2. Қоршаулар, қорғандар, дүңгіршектер, дүкеншілер, шатырлар, павильиондар, урналар, баубақ - саябақ отырғыштары, жарнама стендері, маңдайшадағы көркемдеулер, әртүрлі көрнекі және басқа құрылғыларын орнату қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келіскеннен кейін ғана салу мен орнатуға жол беріледі.
      3. Сыртқы көркейтудің барлық құрамы дұрыс жағдайда ұстауып, жылына бір рет жаңарту керек.
      4. Барлық алаңдар мен көшелер, бақшалар, саябақтар, бекеттер, әуежайлар, базарлар, қалалық көлік аялдамалары мен басқа орындарды кісі көп жүретін жерлерде 40 метрден, кісі аз жүретін жерлерден 100 метрден артық емес қашықтықта жеткілікті урналар қойылуы керек. Кент орталығы мен елді мекендерде көлік аялдамаларында, дүкендер, дүкеншілер, кіре берістер маңына урналар орнатылуы керек. Жер пайдаланушыларға бөлінген және бекітілген аумақтарға олардың өздерінің, жалпы пайдаланылатын жерлерде кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржы есебінен урналар орнатылады.
      5. Урналардың 3/4  көлемге толуына жол беріледі. Урналарды таза және дұрыс ұстау мен орнату, олардың сақталуына бөлінген және бекітілген аумақтардағы жер пайдаланушылар, жалпы пайдаланылатын жерлерде осы учаскелерде шарттық жағдайлармен кент орталығы мен елді мекендер есебінен жинайтын кәсіпорындар жүзеге асырады.
      6. Тұрғын қызметті өндірістік және басқадай ғимараттардың иелері екі тілде кәсіпорын атауы бар маңдайшалардың болуына және оларды дұрыс жағдайда ұстауы керек.
      7. Жарнама қондырғылары, маңдайшадағы жазулар және басқадай көрнекілік қондырғылар қажетті мөлшердегі ақпараттары Қ.Р "тіл туралы" заңы талаптары на сәйкес болуы керек.

8. Жол қабаттарын, жаяу соқпақтарды көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды, кент орталығы мен елді мекендердегі шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.

      1. Заңды және жеке тұлғалар кент орталығы мен елді мекендер аумақтарында жол қабаттарын жаяу соқпақтарды көк шөп шығатын алаңдары мен басқа нысандарды кент орталығы мен елді мекендер шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты жер жұмыстарын немесе басқа жұмыстарын өкілетті органдармен берілген жазбаша рұқсат негізінде жүргізіледі.
      2. Қалпына келтіру жұмыстарын кедергісіз жүргізуді талап ететін инженерлік жүйелерде апат болған кезде жол жабуларын ашуды көшелер алаңдар және де басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісім беретін ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмысты жүргізуге сол орында рұқсат алғаннан кейін жұмыс жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандайда бір үйілген немесе қандай да бір мүлкі бар меншіктің түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалар, осы учаскені бірінші талап бойынша тез арада өз күшімен босатуға тиісті. Тез арада апатты жоюды қажет ететін қаланың өмір шеңдігін қамтамасыз ететін. Қаланың маңызды нысандарын ерекше жағдайда келісім беретін ұйымдар өкілдері үшін қатысымен рұқсат беруді рәсімдеусіз одан әрі 24 сағат ішінде жұмыстарда апатты жоюға жол береді.
      3. Инженерлік желілер жолдар, жаяу соқпақтар, құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15-қарашасына дейін және екінші рет жоспарланған жылдың 1-ші наурызында қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімін көрсетіп өкілетті органға тапсырыс беруге тиісті. Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      4. Көшелер, алаңдар және басқа да жалпы пайдаланудағы орындар құрылысы бойынша жұмыстармен жер асты инженерлік жерлер төсеу жеріндегі жұмсытар жүргізу уақытын байланыстыру үшін және салынған жылы асфальт бетонды, жабуды, қопаруды, болдырмаға және салынғаннан кейін белгіленген мерзім ішінде осы жұмыстарды белгілеген мерзім ішінде осы жұмыстарды белгіленген ағымдағы жылдың алдында келетін жылдың 1 наурызынан күре жол және мекен жай тізімдерін қоса, жұмыстарын орындау белгіленген мерзімін көрсетіп тапсырыс беруі кажет.
      5. Көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда кешелерде жұмыстар жүргізу кезінде тапсырыс беруші авто көлік қозғалысын жабуға атқарушы орган тиісті рұқсат бергенге ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда БАҚ арқылы қала тұрғындарын хабардар етеді.
      6. Қалалық шаруашылық нысандары, элементтері ордерде көрсетілген жұмыс мерзімінің соңында тиісті жағжайға келтіру керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. Ордерді ұзарту осы ережеледі бұзушы кінәлілерге тиісті шара қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.
      7. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кешіктірмей мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруға міндетті. Солармен бірлесе құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      8. Жұмыстарды дүргізуші жұмысты бастағанға дейін төмендегіні орындауға тиісті.
      1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетін белгілермен бекітілген үлгімен қатты қошаулармен қоршауы керек
      2) ереже бойынша өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып және шылак бауы мен жабдықтау керек.
      3) құрылыс ұйымдары үшін құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде балшықтан күнделікті тазарту үшін салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негізгі магистральды жолдың учаскесі бекітіліп беріледі.
      4) жаңбыр суы ағатын кәріздердің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолдану.
      5) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау және сақталуына кепілдік беру.
      6) өтетін жолдар немесе жүргіншілер қозғалысының жүйелерін жабу қажетті кезінді айналма жолдар дайындау және оларды тиісті белгілермен айқындау.
      9. Жұмыстарды жүргізу, қолданыстағы нормалармен ережелер де сонда-ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.
      10. Жолдың алынған асфальті мен топырағы қайта салуға жарамсыз болғандықтан жұмыс үрдісіне шығарылады. Жиектермен жаяу соқпақ тастары бөлшектелінеді үйлерді және сақтау қайта пайдалау үшін акт бойынша өткізіледі. Жасыл желектерге су ағатын торларға, науаларға және т.б.топырақ пен.
      11. Жер асты жүйелерімен құрылғыларға сыртқы көркейту элементтерін бұзғаны үшін ордер алған ұйым жауап береді. Зақым келтірудің әрбір жағдайында мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуы мен зақым келу себебі, кінәлі адам, зақым келуді жою бойынша шаралар қалпына келтіру құнының мерзімдері көрсетілген акт жасалады. Зақым келуді жою бойынша мерзімі техникалық шарттарды сақтамаса, кінәлі адамдар барлық қалпына келтіру құнын өтейді. Жабулармен көркейту элементерді бұзуды қалпына келтіру топырақ пен қайта жабу жұмыстарын аяқтағаннан кейін екі тәуліктен кеш емес басталуы керек, қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ордер алған ұйым тиісті шара қабылдайды.
      12. Қала бюджеті есебінен бұзылған және зақымданған қалалық шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда барлық шығындар ордер алушы есебінен өтеледі.
      13. Жұмыстар жүргізу мерзімі қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтізбелік кесте негізінде белгіленеді. Екі айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезінде, олардың барлық жұмыс кешенінің аяқталуына байланыста учаскелеріне ордер берілді.
      14. Жол төсемдері, жаяу соқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделі жөндеуден кейін белгілеген мерзім ішінде жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізуге рұқсат етілмейді, кент орталығы мен елді мекендер әкімінің рұқсаты бойынша немесе ерекше жағдайлардан басқа кезде.
      15. Өкілетті орган қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге жұмыстарды қабылданғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Қалпына келтіру жұмыстарын сапасына, жабулардың шөгуіне және сыртының бұзылуына осы жерді қазыған ұйым немесе жеке тұлғалар жауап береді.
      16. Жұмыстардың орындалу шарттарын бұзған жағдайда қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру мерзімдері бұзылса, өкілетті органның басталған жұмыстарды тоқтатуға жіберген кемшілікті жоюды талап етуде. Келтірген зиянды өндіріп алуға кінәлі адамдарды әкімшілік шаралар қолдануға құқылы.
      17. Қалпына келтіру жұмыстардың орындаудың сапасы өкілетті органымен қабылданады.
      18. Жол жабуларын қопару және көшелер алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарда қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсіп орындар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнату керек.

9. Жасыл желектерді ұстаумен қорғау тәртібі

      1. Жасыл желектер жалпы халықтың игілігі, маңызды сауықтыру факторы және кент орталығы мен елді мекендердің әшекейі болып табылады. Оларды қорғау мен сақтауға әрбір заңды және жеке тұлғалар орындауы кажет.
      2. Жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау мен өсіру жер пайдаланушылар иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға аумақтарға бекітілген:
      1) тұрғын шағын аудандардағы, тұрғын үйлер алдындағы көшедегі құрылыстардан жаяу соқпақ сызығына дейін әкімшіліктер, тұрғын үй қорының иелеріне
      2) жалпы пайдаланудағы нысандар (саябақтар, сая жолдар, алу және т.б) және жаяу соқпақтар сызығына дейін көшелер бойы кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржы есебінен шарт негізінде жұмыстар атқаратын кәсіпорындарға
      3) өндірістік кәсіп орындар, ұйымдар, мекемелермен басқа да әртүрлі меншік түріндегі нысандар, сондай-ақ бекітілген аумақтармен санитарлық қорғау аймағына кәсіпорындар басшыларына және осы нысандар иелеріне
      4) жұмысты бастаған күннен бастап, құрылысқа бөлінген аумақтарда тапсырыс беруші немесе оның сенімімен бас мердігер құрылыс ұйымына жүктеледі.
      3. Құрылыс салуға жататын жерлерде жасыл желектерде кесуге және кесіп отыруға, жер асты коммуникациялармен мен инженерлік жүйелердің, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісіп және өкілетті орган мен келісілген жасыл желектер жөніндегі актісі болған жағдайда ғана жол береді.
      Жасыл желектерді көшіріп отырғызудың жарамдылығын немесе кесуді арнайы комиссия анықтайды.
      4. Еріксіз жоюға түсетін жасыл желектерді бағалау жұмыстарын өкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Құрылыс және жөндеу жүргізетін, кәсіпорындар мен ұйымдар құрылыс жасайтын жердегі жасыл желектерді көк шөп шығатын алаңдарды еріксіз жойғанда төлем сметасына оларды қалпына келтіру кұнын ал көшіріп отырғызған жағдайда жасыл желектерді көшіріп отырғызу жұмыстарының қосымша құнын қарастыру қажет.
      Жер жамылғысының бұзылынуына байланысты өндіріс және басқа ұйымдар құрылыста пайдалану үшін жердің құнарлық аусын алу және сақтау сонымен бірге жұмыстарды жүргізетін кезде бұзылған жер төлемдері мен жасыл желектері құрылысты бітіргеннен кейін жедел өзінің қаражатымен қалыпқа келтіруі тиіс.
      6. Жасыл желектерді өз еркімен кескен кінәлі адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Рұқсатсыз жасыл желектерді кескен кезде компенсацияны қайта орнына келтіру он еселенген мөлшерде көшет отырғызу арқылы жүзеге асырылады немесе жасыл желектерді қалпына келтіру құны анықталып жеке және заңды тұлға төлемдері бюджетке төленеді.
      7. Жұмыстар жүргізу кезіне заңды және жеке тұлғалар:
      1) зақымдаудан жасыл желектерді қоршауға
      2) қала жолдарын, жаяу соқпақтар өтетін жерлер алаңдар және т.б. салу және асфальт төсеу кезінде диаметр метрден аз емес болған ұяларын қалдыру орнату қажет болса яғни жасыл желектердің қалыпты өсуі үшін қондырғыны қарастыруға тиіс
      8. Жер пайдаланушылар бекітілген аумақтарға жасыл желектерді күтуге тиісті Соның ішінде:
      1) қоқыс жинау, қураған жапырақтарды жинау, арам шөптерді жұлу, көк шөп шығатын алаңдардың шөбін шабу, бұталарды қырқуға
      2) ағаштардың баған түптерінде ұялар жасап, топырақтарды қопсыту
      3) жасыл желектер көк шөп шығатын алаңдар гүлзарларды суаруға;
      4) ауру және қураған ағаштарды кесуге (комиссия актісі бойынша);
      5) ауыл шаруашылық зиянкестер және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күштерімен немесе өсімдіктерді қорғау стансаларымен шарт жасау бойынша жүйелі күрес жүргізіледі;
      6) көгалдарда, саябақтар мен басқа да жасыл желектердің жерлерінде көлік құралдарын қоюға рұқсат етілмейді;
      7) жапырақтар түсу кезінде түскен жапырақтарды уақытылы жинау керек. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген жерлерге шығарылады. Тұрғын үй құрылысы аумағында, саябақтар мен парктерде жапырақтарды жағуға болмайды;
      8) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес жасыл қордың сақталуы қамтамасыз етіледі.
      9. Кез-келген бағыну аумағында жасыл қордың сақталуына және жасыл желектерді ұстау ережелерін сақтауға бақылау жасау өкілетті органмен, жер пайдаланушылармен және жалдаушылармен жүзеге асырылады.
      10. Жасыл желектер аумағында:
      1) құрылыс материалдары, топырақ, отын, көмір және басқа заттарды үюге;
      2) көк шөп шығатын алаңдарды, гүлзарларды, баған түбіндегі ұяларды ластауға;
      3) көк шөп шығатын алаңмен жүруге ағаштарды, бұталарды сындару мен кесуге, басқа да механикалық зақым келтіруіне;
      4) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуге;
      5) қоршауға, гүлдерді жұлуға көп жылға гүлдердің түбірлері мен баданаларын қазуға;
      6) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға автокөлік қоюға;
      7) жапырақтарды өртеу, көк шөп шығатын алаңдарда көкөніс өсіруге, ағаштарға сым, алтыбақан, жіп, жарнама мен кестелер бекітуге, баубақ-саябақ мүлкін бұзуға;
      8) жалпы қолданылатын жерлерде құстар мен малдарды бағуға, иттерді қыдыртуға;
      9) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарға бетон немесе цемент ерітіндісін дайындауға;
      10) Жасыл желектер мен бақшаларды ауыз сумен суаруға рұқсат етілмейді. Суарған жағдайда ауыз сумен қамтамасыз ететін мекемесінің рұқсатымен болуы тиіс.

10. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

      1. Кент орталығы мен елді мекендерде көшелеріне, алаңдарында, саябақтарында, саябауларында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржысы есебінен арнайы кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
      2. Тұрғын аудандар мен баска да жалпы пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кімнің қызметінде болып табылса, соларға жүктеледі.
      3. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және қызмет көрсетуге келесі іс-шаралар кіреді.
      1) берілген параметрлерге сай келетін саны мен сапа көрсеткіші бар қондырғылардың техникалық дұрыс жағдайын ұстау;
      2) қондырғылардың регламенттік жұмыс тәртібін қамтамасыз ету, кент орталығы мен елді мекендер әкімдерімен бекітілген кесте бойынша дер кезінде қосу мен ішінара немесе толық өшіруді бақылау, оларды жанбай қалған шамдарын шұғыл жою, зақымдану мен басқаларды анықтау.
      3. Сыртқы жарықтандыру жану пайызын және қондырғылар жағдайын анықтау үшін пайдаланылатын кәсіпорындармен бақылау тексерулер жүргізіліп, акт жасалады. Шамдардың жану пайызы 95 пайыздан аз болмау керек.
      4. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының метелл тіркетері, кронштейндер мен басқа элементтері сыртқы жағдайларына байланысты болады, бірақ 3 жылда бір реттен кем емес.

11. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсіпорындарының қас беттерін көркемдік және халыққа қызмет көрсету жөніндегі пунктерді, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайларының тәртібі

      1. Тұрғын, әкімшілік және баска ғимараттардың оның маңындағы аумақтардың келбетін сақтау мен жақсарту үшін, оларға сауда кәсіпорындарын, халыққа қызмет көрсету жөніндегі пунктерді, офистер және баска да нысандар орналастыру кезінде, иелері меншік түріне қарамастан заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, олармен өңделген және келісілген жобаға сай ғимараттың қас бетін көркемдеу және маңайындағы аумақтарды көркейту жөнінде кешенді іс - шаралар атқару керек.
      2. Кешенді іс- шараларға жобамен қарастырылған келісімдегідей жұмыстар көлемін орындау керек:
      1) қас бетті әрлеу (бояу, әртүрлі материалдармен қаптау және басқадай);
      2) ғимараттың жалпы стиліне сай келетін, қанатшалар, маңдайшалар орнату;
      3) жаяусоқпақтар, кіре-берістер мен автокөлік тұрақтары үшін алаңдар, төсеніштер, көк шөп шығатын алаңдар салу, жасыл желектер кіретін аумақтарды көркейту бойынша жұмыстар атқару және басқадай;
      4) отырғызғыштар, урналар қоршауларын орнату және басқадай;
      5) ғимарат аумағының маңын және авто жолдың жүретін бөлігінің көшелері алаңдар мен басқада қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қас беттеріне көмескі жарық орнату белдігіне дейінгі көшелерді жарықтандыру үшін жеткілікті, сыртқы жарықтандыруды (жарықтандырғыш жарнамалар)орнату;
      6) жалпы стилді, қажетті мөлшеріндегі, ақпараттары бар, әдемі жасалынған маңдайшадағы жазулары орнату.
      3. Ғимаратта бір кәсіпорын орналасқан жағдайда қас беттің барлығы немесе оның бөлігін көркемдеу керек болса қаланың бас сәулетшісінің келісімі бойынша жүргізіледі.

12. Кент орталығы мен елді мекендер аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін, тұрғындардың және жер пайдаланушылардың міндеттері.

      1. Жер пайдаланушылар;
      1) қолданыстағы санитарлық нормалар анықталған, бөлінген және бекітілген аумақтарды,инженерлік жүйелер мен оларды элементтерін тиісті жағдайда ұстауға (құдықтар, люктер, насос стансалары, жылу пунктері, тронспорматр, подстанциялары және т.б.);
      2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды полигондарға (қалалық қоқыс төгетін орындарға) шығару және көмуді қамтамасыз етуге;
      3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр боуға;
      4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда уландыру және зиянды кеміргіштерді жоюды жүргізуге (шыбындар, тышқандар, егеу құйрықтарды) жою үшін міндетті.
      2. Кент орталығы мен елді мекендер аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру кажет:
      1) құрылыс алаңын жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі үшін ені бір метрден кем емес қорғаныс маңдайшасы бар биіктігі екі метрден кем емес тұтас шарбақпен қоршауға;
      2) жолдың балшықтануын болдырмау үшін құрылыс алаңдарында қатты төсемдері бар кіреберіс жол салуға;
      3) құрылыс кезінде оның учаскілерінде құрылыс аумағынан шыққан автокөлік дөңгелектері мен ластанған авто жолдарды және бекітілген аумақтық шегіндегі қоршауға іргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргізу;
      4) олардың шаңдануы және желмен шаң болдырмайтын шараларды сақтап құрылыс материалдарын сақтауы қажет.

      13. Инженерлік жүйелер, құрылғылар мен коммуникацияларды ұстау тәртібі

      1. Ведомствалардың кәсіпорындардың инженерлік, құрылғылармен коммуникацияларына олардың иелері қызмет көрсетеді.
      2. Кент орталығы мен елді мекендердің көркін бұзуы мүмкін, инженерлік коммуникациялары мен құрылғылары бар заңды және жеке тұлғалар, олардың техникалық жағдайларын жүйелі бақылауға міндетті. Атап айтқанда:
      1) аумақтарды су басуға жол бермеу;
      2) бөлінген және күзетілген аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;
      3) люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабылуы су ағатын суағар торлары жол төсемдерінің деңгейінде су ағар торлары жол тесемдерінің деңгейінде және үнемі дұрыс жағдайда ұстауын бақылау;
      4) оларды тез анықтау үшін белгі жасау:
      5) құру, қайта жабу мен пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкін жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақ жабуыларының жағдайын бақылау.
      3. Жер асты инженерлік жүйелерін төсеу және қайта орнату жұмыстарын жүргізу қолданыстағы техникалық шарттарға сай қатаң жүргізілуі керек.
      4. Авто жолды алаңдарды және пайданалудағы басқа орындағы қайта құруды бастағанға дейін жер асты коммуникацияларын салу, күрделі жөндеу, қайта құру жүргізілуі керек.
      5. Қатты төсемді аумақтарды күрделі жөндеу немесе қайта құру кезінде талап етілетіндігі дейін инженерлік жүйелер құдықтарының люктерін белгілеуді жүргізу, коммуникацияларды күзетілетін аймақтарының ендігіне көк шөп шығатын аландарды, жаяу соқпақтарды қалпына келтіру, жөндеуге тапсырыс беруші есебінен жүргізіледі.
      6. Көшелермен жолдардан жер беті суын және ыза суларды қашыруға бағытталған арналар, құбырлар, суағарларды жинаумен тазарту, кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржы есебінен кент орталығы мен елді мекендердің қоқыс төгетін орынға тез арада шығару қажеттілігіне байланысты қатты тұнбаларды шығару.
      Аулаларда және басқада жер пайдаланушыларға бөлінген және бекітілген аумақтарда су өткізетін құбырларды жер пайдаланушылар жүргізеді.
      Шағын аумақ шекарасы шегінде жалпы кент орталығы мен елді мекендер аумағы бойы мен коллекторларды, жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту кент орталығы мен елді мекендерге бөлінген қаржы есебінен жүргізіледі.
      7. Кент орталығы мен елді мекендердің сутартықы құндығының қасындағы радиусы 5 метр аумақты мұздан (қыс уақытында) және қоқыстан тазарту және оларды шығару, құдықтарға кіре беріс жолды ұстау сутартқы құдықтарының иелерімен жүргізіледі.
      8. Өндірістік кәсіпорындар алаңынан ауа сулары шаруашылық құбырларына түсу керек. Бұл суларды қалалық жаңбыр суы ағатын жүйелерге жіберуге жол берілмейді.
      9. Жер асты құбырлары жүрген жерлерге құрылыс және қосымша жұмыстарды тиісті рұқсат құжаттарсыз жүргізуге тыйым салынады.

14. Апатты жұмыстарды жүргізу 

      1. Пайдалану кезінде жерасты коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмыстарын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      2. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты орын - жайларының, инфрақұрылым объектілерінің, жасыл отырғызғылардың сақталуы.
      3. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттық сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, жол полициясы басқармасына, баска да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
      4. Аймағында коммуникациялары бар ұйымдар, телефонограмманы алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі кажет.
      5. Егер де апатты жою жұмыстары толық және жартылай жабылуын кажет еткен жағдайда, жол полициясы басқармасы жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындармен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
      6. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандарымен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдық) жол жағына полициясы басқармасының келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
      7. Апаттық салдарын жою және аумақтық абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырай жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн жоқсыз болып саналады.
      8. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.

15. Тұрғын жай орамдары мен шағын шағын аудандарды абаттандыру

      1. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін коятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      2.Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаға сәйкес болуы тиіс. Сәулет құрылысы, аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілуі керек.
      3. Тұрғын жай орамдары, шағын аумақтарында, сондай-ақ аулу маңы аумақтарында мына тәртіп сақталу қажет:
      1) көтермелердің, жаяу жолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіре-берістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайға ұстауға;
      2) аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      3) өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      4) шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағгдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      4. Аулаішілік аумақта:
      1) аумақты тазарту немесе апатты жағжайларды жою жұмыстарынан баска, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      2) аудан ішілік және ішкі орамау маңындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) көлік құралдарын қоюға аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға тиым салынады.

16. Ақылы автомобиль тұрақтарын ұстау

      1. Тұрақтар көзделген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттар негізінде ғана ұйымдастырылады.
      2.Көлік құралдары тұрақтарының төсемі бар колайлы жеке алаңдары су өткізбейтін жамылғымен, жол белгілерімен белгіленген, автокөлікті қою үшін қарастырылған қалтасы қоршауы, су қайтарғы жүйелері және тазарту құрылғыларының белгілері, көгалдандырылған, көркейтілген, жарықтандырылған, диспетчерлік павильон орнатылған өрт сөндіру құралдары, қалдықтарды жинау және салу үшін контейнерлік алаң болуы керек. Тұраққа кіре берісте тұрақ атауын, жұмыс тәртібін қарастыру қажет.
      3. Автокөлік тұрақтарын, автосервис қызметтері және олардың маңындағы аумақтарды ұстау, жинау, қоқыстарды тек контейнерлерге салу олардың меншік иелермен жүзеге асырылады.
      4. Жолдың көлік жүретін бөлігінде ақылы автотұрақтар соның ішінде уақытша тұрақтар ұйымдастыруға жол берілмейді.

      17. Елді мекендерді санитарлық, тазарту бойынша өкілетті огандармен қызметтердің міндеттері

      1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Қағиданың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет құрылысына бақылау ішкі істер органдарымен өз құзыреті шегінде жүргізіледі.
      2. Функционалдық міндеттерге сәйкес кент орталығы мен елді мекендерді жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік бақылау-қадағалау тексеріс жүргізу жөніндегі мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.
      3. Үй иелері (пайданушылар), кондоминиум объектілері басқару органдары:
      1)қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруға шарттар жасауға;
      2)түсіндіру жұмыстарын жүргізу және елді мекендердің аумағында санитарлық ұстау ережелерін сақтау бойынша іс-шараларды орындауға халықты ұйымдастыруға;
      3) қоқыс жинайтын урналармен ірі габаритты қоқысқа су өткізбейтін жамылғысы бар алаңшаларды орнатуға;
      4) тұрмыстық қалдықтар, көше мен аула сыпырындыларын салуға қолданатын жинағыштар мен жабдықтарды қамтамасыз етуге;
      5) қоқыс жинайтын камералар, алаңшалар мен жинағыш тұратын орындарды тұрақты жуу, залалсыздандыру жүргізу бойынша шаралар қолдануға тиіс.
      6) азаматтар меншік құқығына жататын салынып жатқан үйлердің
      4. Қоқысты жинайтын кәсіпорындар:
      1) үйлер, ұйымдар, мекеме мен кәсіпорындар аумағынан уақытылы шартқа сәйкес қоқыстардың шығаруын жүргізуге;
      2) ірі арнайы көлікке қозғалыс сызбасы мен бағыт кестесін жасауға;
      3) өзгерген пайдалану талаптарына сәйкес бағыт кестесін түзетуге;
      4) бекітілген бағыт кестесінің міндетін орындауын қамтамасыз етуге;
      5) азаматтардың меншік құқығына жататын салынып жатқан үйлердің аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардың жоспарлы тұрақты тазартуды аптасына екі реттен кем емес жүргізуі керек.
      5. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің мамандары келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету керек:
      1) елді мекендерге санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жергілікті басқару органдардың шешімдер жобасын дайындауға қатысуын;
      2) қатты тұрмыстық және өндіріс қалдықтар полигонын орналастыруды жобалау, кент орталығы мен елді мекендердің санитарлық тазарту сызбасын т.б. мәселелер бойынша құжаттарды қалалуын және келісуін;
      3) эпидемиологиялық жағдайға байланысты аумақты тазалау мен жинау бойынша жүргізілген рейдтер қорытындысы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы органдарының басшыларына ұсыныс беруін;
      4) тұрғын үй органдары мен кәсіпорындар мамандарына эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қалдықтарды жинау, жою және шығаруын ұйымдастыру бойынша нұсқамалар мен санитарлық минимум жөнінде сабақтарды жылына бір рет,қажет болса одан да жиі өткізілуіне;
      5) жоспарға сәйкес санитарлық инспекторлар кеңестерінің жұмысын үйлестірілуін;
      6) кент орталығы мен елді мекендер аумағының санитарлық жағдайына бақылау жүргізу және тиісті талаптарды бұзушыларға әкімшілік шаралар қолдануын.
      6. Облыстық ішкі істер басқармасының аудандық бөлімшесі учаскелік инспекторлары:
      1) бекітілген аумақтың санитарлық жағдайына тұрақты бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
      2) санитарлық тәртіпті бұзған тұлғаларды анықтап және тиісті органдарға белгіленген тәртіппен оларға құжаттар дайындайды;
      3) тұрғындардың, барлық меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдардың аулаларда және көшелерде өз еркімен қоқыс орындарын жасаудың және оны жинаудың алдын алу.
      7. Кент орталығы мен елді мекендер аумағына жоспарлы - тұрақты тексеріс ұйымдастырылған кезде қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек:
      1) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жобалау және пайдалану нұсқасы;
      2) елді мекендердің аумағын механикалық жинау технологиясын ұйымдастыру нұсқасын;
      3) тұрмыстық қалдықтарды жинау және оны мал азығына пайдалану тәртібі туралы ветеринарлық-санитарлық ережесін;
      4) тамақ қалдықтарын жинау және шығару нұсқасын.

18. Осы қағида мен рұқсат етілген іс-әрекеттер

      1. Кент, елді-мекен аумақтарында рұқсат етілмейді:
      1) Тиісті құзырлы органдардың келісімінсіз тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңшаларын орналастыруға;
      2) санитарлық тазарту мен жинау сызбасын, қоқысты шығару кестесін бұзуға;
      3) қоқыстырды, мұздың қалдықтарын ластаған қарды, құдықтар мен су қоймаларына, көгалдар, ағаштар мен бұталардың астына, жолдардың жаяу соқпақтарына тастауға;
      4) көшелерде, жолдар және басқа су қоймалардың бойында және де осы мақсаттарға бөлінген барлық басқа жерлерде эр түрлі құрылыс, тұрмыстық қалдықтарын тастауға;
      5) көшелер, өзендер мен баска су қоймаларының, су құбырлары мен құдықтардың, тұрғын үй ғимараттарының қасында автокөліктерді жууға;
      6) көшелерде, аулаларды және басқа жалпы пайдаланудағы орындарды, бос сауда лотоктары мен ыдыстарды және басқа жылжымалы сауда жабдықтарды, сауда біткеннен кейін жинауға келетін қоқыстарды, кар мен мұздың, кұрылыс жэне басқа қалдықтарды қалдыруға;
      7) көшелерде құрылыс материалдарды, отындар мен көмірді үйіп тастауға;
      8) өзендер мен су қоймаларын өндірістік қалдықтармен ластауға; 9) белгіленбеген орындарда киоскілерді, дүкеншелерді, павильиондарды орнатуға
      10) үйлердің қабырғаларына, көшені жарықтандыру бағаналарына және белгіленбеген жерлерге әр түрлі жарнамаларды ілуге;
      11) көшелер мен аулалардың аумағына тамақтың жуындысын, қоқыстарды төгуге, қоқыс пен жапырақтарды жағуға;
      12) аумақтың ластануына әсер ететін жүкті дұрыс салмай, қорабы жөнделмеген көлікпен жүруге;
      13) ашық қораптары, тысы жоқ көлікте сусымалы жүктерді екінші қайтара шикізатты, қағаз қалдықтарын (макулатураны) тасуға;
      14) көшенің "қызыл сызығына" шығара отырып құрылыс алаңшаларға қоршау жасауға;
      15) кент орталығы мен елді мекендер аумағында өз еркімен қазу жұмыстарын жүргізуге;
      16)инженерлік жүйелерде апатты жойғаннан кейін қазылған жерді су топырақпен жабуға;
      17) кент орталығы мен елді мекендер аумағына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу бойынша мерзімдерді бұзуға;
      18) контейнерлерді тұрмыстық мағынасы бар ірі габаритті заттар мен құрылыс материалдарымен толтыруға, оларға сұйық қалдықтарды құюға, қоқысты жинауға;
      19) мемлекеттік қорғауға жататын обьектілерде, парктерде, саябақтарда өкілетті органдардың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша құрылыс салуға;
      20) жолдар мен жаяу соқпақтардандың жүру бөлігінде газды, канализациялық, жаңбыр суын қабылдайтын басқа да қоршалмаған құдықтарды қалдыруға;
      21) көшелер, саябақтар, бақтар, парктер, стадиондар, мектеп жанындағы телімдерде және жалпы пайдаланудағы басқа орындарда малды бағуға және айдауға;
      22) белгіленбеген жерлерде иттерді жүргізу және олардың нәжістерін жинамай қалдыруға;
      23) кент орталығындағы көшелерінде шынжыр табанды көлікпен жүруге;
      24) жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің аумағын көкөніс пен баска ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, пайдалануға;
      25) бар құрылғыларды (жол жамылғысы, жиектер, құдықтардың қақпақтары, ақаба судың торлары, науалар, кюветтер, құбырлар, дренаждар, гэодезиялық белгілер) бүлдіруге, жол және жер жұмыстарын жүргізуде жасыл желектерді бұзуға, жылу мен су жүйелері мен канализацияның аппаттық жағдайларын жойған кезде лас суды жаяу соқпатар, көгал мен жолдың өту бөлігіне жіберуге;
      26) кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелер мен көгалдарда, тұрғын үй кварталдарында, жеке меншік телімдерде қоқысты, жапырақтарды жағуға;
      27) хабарландыруды, жарнамаларды, т.б мәліметтерді өз еркімен жариялауға тыйым салынады;
      28) жасыл желектер аумағында;
      - көгалдарда жүру, жасыл желектерді сындыру, жұлу немесе кесуге;
      - жолдарды тазалау мақсатында тұзды және басқа да жасыл желектерге зиянды заттарды қолдануға;
      - көлікпен, мотоциклмен, велосипедпен және басқа көлік құралдарымен (арнайы көліктерден басқа) жүруге;
      - көгалдарда, жасыл қоршаулардың қасында жолаушылар көлігінің аялдамаларын орнатуға;
      - алау жасауға, басқа өртке қарсы ережелерді бұзуға;
      - ағаштарды пайдаланып электр сымдарын тартуға;
      - белгіленген мерзімнен тыс және кесу ережелерін сақтамай ағаштардың басын қиюға;
      - тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің келісімсіз өз еркімен ағаштар мен бұталарды кесуге;
      29) экологияға зиян келтіретін басқа іс-әрекеттерге.

19. Заң талаптарын бұзғаны үшін тұлғалардың жауапкершілігі

      1. Қазақстан Республикасының ветеринария, Қазақстан Республикасының "Халықтың денсаулығы және денсаулық жүйесі" Кодексіне және экологиялық заңнамасын бұзған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады. Айыппұлдар салу не өзге де әкімшілік шара және жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залалды өтеуден босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады