Мұсахан Жапаровтың атына көше атын беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы кент әкімінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 1026 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 19 мамырда N 10-7-103 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастика комиссиясы мәжілісінің 2009 жылғы N 2 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. Жаңақорған кентіндегі "Гагарин" көшесі болып ауызша аталып келген көше "Мұсахан Жапаровтың" атындағы көше болып берілсін.
      2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі                                      А. Ибрагимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады