РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастика комиссиясы мәжілісінің 2010 жылғы N 2 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Жаңақорған кентіндегі Санатория маңындағы шеткі аты жоқ көше Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері "Искаков Бидаштың" атындағы көше болып берілсін.
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі А. Ибрагимов