Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы № 1 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
1. "Ленин" атындағы көше қазіргі салауаттылық өмір салтына сай, қазақ ұлтынан шыққан марқұм бауырымыз, жиырма жасар, өрімдей жас олимпиада чемпионы "Бекзат Саттархановтың" атындағы көше болып берілсін.
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жариялағаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
АУЫЛ ӘКІМІ: А.ШЕРНИЯЗОВ