Төлегетай Сүйінішұлының атына көше атауын беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудан Қыркеңсе ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі N 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 20 қазанда N 10-7-111 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы № 1 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. "Универмаг" атындағы көше Қазақ ұлттық шежіресіндегі көрнекті тұлға, ежелгі найман ұлысының алып бәйтерегі, заманында ғұндардың жауынгерлік ұраны болған Төлегетай Сүйінішұлының атындағы көше болып берілсін.
      2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жариялағаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      АУЫЛ ӘКІМІ:                                А.ШЕРНИЯЗОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады