Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастикалық комиссиясы мәжілісінің 27.10.2010 жылғы № 3 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
1.Аққорған ауылдық округіндегі Ленин көшесі,көп жылдар бойы Қазақстан Республикасын басқарған, елдің өсіп өркендеуі үшін сүбелі үлес қосқан азамат "Дінмұхаммед Қонаев" атындағы көше болып өзгертілсін.
2.Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
"Аққорған" ауылдық округінің әкімі: Н.РҮСТЕМОВ