Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссиясы мәжілісінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 2 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Жаңарық ауылындағы Үржігітов Әбен көшесімен қатарлас жатқан, ресми атауы белгіленбеген көшеге Еңбек және Ұлы Отан Соңғысының ардагері Жұмаділла Рысбаевтың аты берілсін.
2. Осы шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
"Жаңарық" ауылдық округі әкімі С. Ахатаев