Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын, "Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын және аудандық ономастикалық комиссиясы мәжілісінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 3 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Жаңақорған кентіндегі Ипподром-10 көшесі Еңбек Даңқы орденінің иегері "Әлиасқар Сұлтановтың" атындағы көше болып берілсін.
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕНТ ӘКІМІ А. ИБРАГИМОВ