Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.11.15 N 1278 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 299 санды ұсынысының негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарып ауруының індетті ошағын жою және сауықтыру мақсатында
Қосүйеңкі және Кейден ауылдық округтерінде уақ малдардың басын сарып
ауруынан қолайсыз деп жариялап, осы ауылдық округтердің елді мекендерінде шектеу салынсын.
2. Қосүйеңкі және Кейден ауылдық округі әкімдері, осы елді мекендердегі уақ мал арасындағы сарыптан сауықтыру іс-шарасының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Налибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енеді.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов