Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес және облыстық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 24 тамыздағы қаулысын жүзеге асыру мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), 5 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Сырдария аудандық мәслихатының депутатына сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесетін үй-жайдың және үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орынның тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Тереңөзек кентінің әкімі Б.Өтегенова белгіленген тәртіпке сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стенділермен, қалқандармен және тумбалармен жабдықтасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
"Келісілді"
Сырдария аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Е.Ахетов
12 қазан 2010 ж.
2010 жылғы 12 қазан N 348
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген қосымша
Сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған үй-жай
N 5 сайлау округі бойынша - "Сырдария аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік кәсіпорынға қарасты Тереңөзек кент мәдениет үйі. Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі, 8.
Үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орын
N 5 сайлау округі бойынша - Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жанындағы тақта. Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді көшесі, 53.