Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011.07.15 N 330 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы кезекті XVIII сессиясының N 201 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда мемлекеттік тіркеу N 10-8-106, 2010 жылғы 16 қаңтарда "Тіршілік тынысы" газетінің N 4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы:
1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын (коса тіркелді);
1) тармақшадағы:
"3 671 069 " саны "3 676 475" санымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
"3 900 107" саны "3 905 513" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті тыс
XXVII сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев