Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.11.11 N 1599 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын басшылыққа ала отырып, халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қаулының 2-қосымшасына сәйкес Шиелі ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі белгіленсін.
3. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға уәкілетті болатындығы ескертілсін;
2) шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылсын;
3) уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын.
4. Жұмыс беруші жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу шығындарының
төлемін ішінара өтесін.
5. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары
Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Нәлібаев
2010 жылғы 9 наурыздағы
N 890 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты
1. Әлеуметтік жұмыс орны "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі -
уәкілетті орган) ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелермен ұйымдастырылады және жергілікті бюджет пен жұмыс берушілердің қаражатынан қаржыландырылады.
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылу мерзімі шартпен анықталады, алайда ол алты айдан аспауы тиіс.
3. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен шарт жасасады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы
жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
2) жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру
үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және бақылау
4. Жұмыссыздардың еңбек ақысы заңмен белгіленген ең төменгі бір
айлық жалақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен және жұмыс берушінің қаражатынан қосымша ақы төленеді.
5. Жұмыс берушілер еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығындарын аудандық бюджеттен өтеу үшін, ай сайын қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте жергілікті уәкілетті органға: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісі, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен қаржыландыруға сұраныс ұсынады.
6. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді
іріктеу Тәртібінің орындалуына бақылау жасау уәкілетті органға жүктеледі.
2010 жылғы 9 наурыздағы
N 890 қаулысына 2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарының тізбесі
р/с |
Атауы |
1 |
Табысы аз адамдар |
2 |
Жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар |
3 |
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар |
4 |
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар |
5 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар |
6 |
Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) |
7 |
Мүгедектер |
8 |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар |
9 |
Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар |
10 |
Оралмандар |
11 |
Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар |
12 |
Алған мамандық бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері |
13 |
Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп) |
14 |
Елу жастан асқан адамдар |
15 |
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар |