Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 977 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 28 сәуірде N 10-8-117 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы N 1315 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.01.18 N 1315 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 сәуірдегі "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" 284 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналарға:
      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің ата-аналарына және қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына), екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына материалдық көмекке - 50 000 теңге, үйлерін жөндеуден өткізуге - 50 000 теңге, мерекелік киімдермен қамтамасыз ету үшін - 15 000 теңге, мерекелік азық-түлік жиынтығын алуға - 15 000 теңгеден 2010 жылдың 1 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында жол жүруді қамтамасыз етуге 2 500 теңгеден;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 2010 жылдың 1 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында жол жүруді қамтамасыз етуге 2 500 теңгеден;
      Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО медальдарымен және ордерімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне ем алып, оларды сауықтыру мақсатында 25 000 теңгеден материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                 Н. ӘЛІБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады